Ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

 Ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Төр жапсарын ояйын,
Орнына сандық қояйын.
Дүниеден өткен анам-ай,
Орныңа кімді қояйын?!
Қалайы сандық қапсырдың,
Дәнекерлеп жапсырдың.
Артыңда қалған балаларды,
Анашым кімге тапсырдың?!
Шайыдан көрпе құрайын,
Дүниеден өткен анама,
Алладан иман сұрайын.
Базардан келген матадай,
........белге батады-ай.
Анашымның жоқтығы
Бір өзіме батады-ай.
Базардан келген көк арба,
Жаңбыр тисе, оңар ма?
Қанша адам жиналса,
Анашым, сендей болар ма?
Қайғыдан тарттым сырнайды,
Қайғының оғы зырлайды.
Мен қайғыдан жыласам,
Мұңлы бір адам жылайды.
Арғымақ келер еңістен
Төрт аяғы күмістен.
Айналайын, жан анам,
Орның болсын пейіштен!
Арғымақ келер ағылып,
Жібектен арқан тағынып.
Айналайын анашым!
Күнім бір өтті сағынып.
Мінгенде атым қара кер,
Жалынан аққан қара тер.
Анашым, сенің жоқтығың
Маңдайға түскен қалың сор.
Мінгендей атым кер ме екен?!
Маңдайдан аққан тер ме екен?!
Ащы даусым шыққанда
Сұлуымның даусы дер ме екен?!
Анашым келді сексенге,
Жылайын, жұртым, сөксең де,
Анашым енді табылмас,
Етектеп алтын төксем де.
Қайыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қиамет мақшар болғанда
Қосылар ма екен сүйегім?!
Жетімді жетім деп пе едің?!
Жетімнен ақы жеп пе едің?!
Өзің бір кетіп бақиға,
Жетім боп қалсын деп пе едің?!
Базардан келген машина,
Табанында жазина.
Анашым сенен айрылып,
Жүреміз енді не күйде?
Ауырды анам басым деп,
Сексенге келді жасым деп,
Алладан ұрпақ тілеген,
Артында жылап қалсын деп.
Үй артында арғымақ.
Байлауда тұрмас қарғылап.
Басыма түсті мың қайғы,
Анашымдай тау құлап.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Мира
    Оқырман Мира 01.04.2025 15:43
    0 + 0 -
    Қазына едің бұл өмірге біз деп келген
    Жарық әлем ұрпағына сыйлай білген
    Анашым Сіз едіңіз үлкен байлық
    Бұл өмірде ештеңеге тең келмеген

    Акын емес, мен бір бала Анасын қатты сағынған
    Жыламаймын,
    дұға құран бағыштау ғана қалды соңынан

    Қайғырмаймын, себебі
    Анам жақсы өмір сұрді деп ойлаймын
    еске түскен уақытта
    болмысым сол, өлең ғана арнаймын

    Мына өмір зымырайды сайыс куып жетелеп
    Талпынамыз, жүгіреміз әр саланы межелеп
    Сол сайыста жанкүйерім отыратын алдында
    Жүрегін төсеп сүрінгеде, беріп жанын, малын да

    Уақыт келер - сол жүгіру, сол барыс
    Жалғасады өмірдегі бек сайыс
    Тек жоғалттым жанкүйерді, маған шабыт беретін
    Бос стадионға мен үшін ғана келетін

    Анама Жұман қызы Қазынаға арналған
    1. Оқырман Мира
      Оқырман Мира 02.04.2025 13:54
      0 + 0 -
      Жан-Анам, баршамыздың тірегі едің
      Тірі болсаң, жарқылдап,әндетіп, ақыл айтып жүрер едің...
      Ортамызды толтырған Ақ мамашым
      Дүрсілдеген баршамыздың ортақ жүрегі едің...

      Асылым – Анашым алыстасың,
      Бой жетпес аспан менен ғарыштасың
      Сенеміз, балаларың дұға қылса
      Мейіріміңді көктен бізге жаудырасың...