Бейбіт өмірге 75 жыл!

 Бейбіт өмірге 75  жыл!

Сражова Ақтоты
8 сынып, № 275 мектеп
Байқоңыр қаласы
Жетекшісі: Мендибаева Л.А.

Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті алып берген аға буын алдында әрқашан қарыздар
Н.Ә.Назарбаев.
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
Ізі мен оғы жатыр тақырда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына,
Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі – Қазақтың батырлары! - деп қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай, сайын сахараны дүбірлетіп өткен батыр бабалардың ұрпағы, 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған қан майданда мұз жастанып, қар кешкен, нәзіктігіне қарамай алыптың ісін жасаған, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы, ерлік өнегесі – мәңгілік таусылмайтын әңгіме, айнымас шындық. Елі үшін жанын пида етуге даяр, зиялы, мәдениетті ата-ананың тәлімтәрбиесі Мәншүкті биік мұраттарға жетелеген. Жастайынан әкесіне еліктеп өскен, балалық арманынан ажырамаған Мәншүк оны іс жүзінде дәлелдейді. Әсіресе «Шығыс Шолпаны» атты деректі фильмінде «Егер менің әкемдей адал жан халық жауы болса, кім халық жауы емес?»- деп Сталинге дейін арыз жазып, майданға аттанған сәтінен әке алдындағы парызына деген адалдықты, өжеттікті көруге болады. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сыйлаған ең қымбатты ата-анасын қараусыз тастап, қарттар үйіне өткізіп, өмірінің жалғасы – ұрпағын сәбилер үйінде қалдырып жатқан жастар еріксіз есіңе түседі, олардың іс-әрекеттерінен қынжыласың, қорқасың, келешек жастар осындай жат қылықтан аулақ болса деп тәңірден де тілейсің. Мәншүк апамыз жайлы ең алғаш қалам тартып, өмірінің соңына дейін оның ерлігін жырлаумен өткен қаламгер ағамыз Әзілхан Нұршайықов:
Қара көз қазақ қызы Мәншүк батыр
Орнатқан дұшпанына заман ақыр.
Өлтірген талай жауды баудай турап,
Ерлігің естен кетпес толып жатыр..,-деп, ерлігін дүние жүзіне паш еткен.
Мәншүк апамыз 21 жасында Отан үшін отқа түсті. Біздің осы бақытты өміріміз үшін өз басын отқа салды. Отан соғысында 20 миллион халық осылай қаза тапты. Сол қаза тапқандардың қанымен, тірі қалғандардың сынған сүйегі, тілім-тілім болып жараланған жанымен Отанымыз жаудан аман сақталып қалды. Егер де Мәншүк, Әлия, Зоя Космодемьянская сияқты тәтелеріміз өз өмірін қиып, Отанды қорғамаса, қазіргі таңда қуана күліп отыра алмас едік. Фашистердің күңі, құлы болып, көздерімізден жас парлап, қорлық өмір кешетін едік. Алапат соғыстың кесірінен Мәншүк апамыз жар сүйіп, бала әлпештеген ана бола алмады. Немере сүйіп, әже де бола алмады. Егер Мәншүк апамыз тірі қалғанда жар да, ана да, министр де, ғалым да бола алатын еді. Ол тек қана Жеңістің анасы болды. Жеңістен өрбіген біздердің әжеміз болып, мәңгі есімізде қалды.
Мына бір өлең ойыма оралып тұр:
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедекті жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей,- дегендей, ел дегенде ішкен асын жерге қоятын қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы атамыз:
Жігіт болсаң, жігеріңді жасытпа,
Қайратыңа қайта мін,- деген.
Қазіргі жастардың бойларынан
Бауыржан атамыздай батылдық,
Отанына деген патриоттық сезімінің шынайылығы табылса екен деймін.
Бауыржан Момышұлы атамыздың «Еліңді сүймей, ерлік істей алмайсың» деген сөзі бар. Сондықтан біз, келешек жастар, мектебіміздің абыройын асқақтатып, жақсы оқи отырып, Отанды шексіз сүюіміз керек деп ойлаймын. Бүкіл адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс-тіршіліктің рахатына кенелуінің бақыты үшін миллиондар жанын пида етті. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандардың есімі еш ұмытылмақ емес! Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңісіміз достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған Жеңіс! Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, пәк күлкі шашқан баласын қорғады, парасатты данасын қорғады. Қазіргі бейбіт өмірді, бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз Отан үшін жанын берген қаhарман- дардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетуіміз керек.
Елбасымыз: « Бейбіт күнді, тұрақтылықты бағалайық» деген.
Жеңіс алға жетеледі,
Өмірлері өте берді.
Ерлік ерен жүректілік,
Мәңгілік есте қала берді,- деп, өз өлең шумағыммен шығармамды аяқтаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?