Еліміздің тағлымды тарихы
Мұхамедалиева Ақтоты
7 сынып, №127 Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-лицей
Шиелі ауданы, «Көкшоқы» елді мекені
Жетекшісі: Абдураева Ш.

Міне, көзді ашып жұмғанша уақытта зымырап өтіп бара жатыр. «Уақыт – ұлы дәрігер» дегендей, халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері өзінің жемісін беруде. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуына 75 жылдығы да жақындап келеді. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары да азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Сол себепті біз ардагерлерімізді құрметтеп мақтан тұтуымыз керек. Батыр дегеніміз- ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы- ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршыннан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті. Ауыл тұрмысын жақсартуда сүт-тауарлы фермасын ашып, ел болып қыруар еңбек жасағанын әңгімелегендерін үлгі –өнеге ретінде қабылдаймыз. Сол кездердегі үлкен тұлғаларда біздің ауылдың қадірлі қонағы болған. Солардың бірі – Дінмұхамед Қонаев ауыл ақсақалдары мен еңбек ардагерлері, үлкен-кішілерімен кездесіп қолын алды.«Қазақта Димекеңдей кемеңгер тұлғалы адам кемде-кем. Тағдыр маған онымен үш мәрте көзбен көріп, кездесуді жазыпты» деп әңгімелейтін атам.
Атамның пікірінше, бақытты өмір – адал еңбекте. Сонау 50 жылдары колхозды басқарып тұрған кезде осы Қызылжар ауылының негізін өзі қалап, ағайындарын осында көшіріп алған. Әр жерде 5-6 үйден шашырап жүргендерді жинап, поселке тектес етіп салады, орталықтың қарсылығына қарамастан. Жалпы атам жаңалықтарды қалт жібермейді, тек құлағының ауырлағанына ғана өкпе айтады. Ал күнделікті келіп тұратын газеттердің бірін жібермейді оқиды. Көзілдірік тақпай оқиды. Соғыста көрген қиындықтары туралы айтқанды аса ұната бермейді. Дұрысы сондай соғыс бізден аулақта болғанын айта жүреді. Атам туралы қанша тізбектеп жазсам оған деген мадақтауым мен құрметім жалғаса бермек...
Бүгінде атамның есімі Шымкент қаласындағы Абай саябағында ардагерлерге арнап қойылған ескерткіш тақтада жазылып тұр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Хабар» телеарнасы атамның өнегелі өмірінен арнайы хабар көрсетті. Ал 9 мамырда «Қызылжар» жалпы орта мектебі атамды арнайы іс-шараға шақырды. Ол жиында атама арналған көптеген өлеңдер оқылды. Мектеп оқушылары тақпақ айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Атам оларға өзінің бтасын беріп, ескерткішке гүлшоғын қойып, ерлікке тағзым етті. Бүгінде атам 92 жаста. Мен атамның сүйікті қызы екеніме мақтанамын. Қазақ Қазақ болғалы қаншама сұрапылды, зар заман зұлматты көрді. Осынау сайын даланы қорғап қалған бабалаларымыз да, сол даланың сайтөбелеріндегі сан мыңдаған мазарлар да жанкешті шайқастардың, жарқын жеңістердің куәсі. Дана Халқымыздың даңқты шежіресі, еліміздің тағлымды тарихы. Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық, олар найза мен қылыштың заманында ғана емес, автоматты қару мен моторлы соғыстың заманында да өзінің қайсар қайтпас халық екенін көрсете білді, өздерінің даңқты ерліктерімен соғыс тарихының беттеріне есімдері алтын әріппен жазылды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?