Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 Абылай ханның  ішкі және сыртқы саясаты 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.2 Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
Сабақтың мақсаты: Абылай ханның саяси портретін талдау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.
БЫМ Оқушыларға Абылай хан өмірі тақырыбындағы «Сен білесің бе? Абылай хан (KZ) » бейнематериалынан үзінді көрсетіліп, төмендегі сұрақтар қойылады.
• Не көрдің?
• Не сездің?
• Не ойлайсың?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылып, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел мен тарихи интерпретация
Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?
Т Топтарға «Суреттерге жан бітіру» тапсырмасы бойынша Фон Фрауендорфтың, Воронцовтың, А.Левшинның, Н.Неплюевтың портреттері берілген суреттер топтамасы ұсынылады. Топтағы оқушыларға ойлануға 1-2 минут беріліп, жауап алынады. Оқушылардың жауабы арқылы тақырыптың зерттеу мәселесіне- келесі тапсырмаға көшуге болады.
Суретті «тірілту» үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
-Суреттегі тұлғаларды танимыз ба?
-Тұлғалар не туралы ойлап тұр?
-Тұлғалар арасында қандай байланыс бар?
-Бұл қай кезең?
Кері байланыс.Мұғалімнің бағалауы.
Зерттеу мен талдау.
Топтарға Абылай хан туралы Фон Фрауендорфтың, Воронцовтың, А.Левшинның, Н.Неплюевтың жазған хаттары мен пікірін мәтін-таратпа түрінде таратыңыз. Төрт топқа бөлінген оқушылар берілген деректерден Абылай ханның жүргізген саясатының бағыттарын, жеке бас қасиеті ерекшеліктерін анықтап, оларды ой-талқыға салады. Алған мәліметтер негізінде Абылай ханның саяси портретін құрап, өз ойлары мен зерттеулерін сынып алдында қорғайды.
1-топ. Брегадир Фон Фрауендорфтың хаты;
2-топ. Канцлер граф Воронцовтың хаты
3-топ. Тарихшы А.Левшинның пікірі;
4-топ. Губернатор Н.Неплюевтың хаты.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 659



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?