Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

 Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.6 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
7.1.1.2 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
7.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Моңғол империясы ыдырауы нәтижесінде орын алған өзгерістерді көрсету
Алтын Орданың өмірлік циклін зерттеу
«Тұлғаны таны» ролдік ойынын өткізу.
Б. Өткен тақырыпты қайталау.
БЫМ. «Орасан зор аумақты алып жатқан Моңғол империясы ыдырағаннан кейін картада қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?» проблемалық сұрағын қойып, оқушылардың болжамдарын сұраңыз.
Тарихи концепт (фокус): Моңғол империясынан кейінгі өзгеріс
Б Моңғол империясы ыдырауы нәтижесінде орын алған өзгерістерді көрсету үшін оқушыларға карта арқылы түсіндірме жүргізіңіз. Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары туралы қысқаша айтып кетіп, олардың жер-аумақтарын картадан көрсетіңіз. Кейін оқушылар дескриптор арқылы жұмыстанады
Бағалау критерийі Дескриптор
Моңғол империясы ыдырауы нәтижесінде орын алған өзгерістерді көрсету Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары туралы қысқаша айтып кетіп, олардың жер-аумақтарын картадан көрсетеді
Т Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі ретінде Алтын Орданың өмірлік циклін зерттейді.
Бағалау критерийі Дескриптор
Алтын Орданың өмірлік циклін зерттеу 1. Алтын Орданың құрылуына әсер еткен факторлар (соғыстар, географиялық, экономикалық, сыртқы, әлеуметтік-саяси факторлар).
2. Алтын Орданың күшеюі (билік үшін күрес, мемлекеттіліктің қалыптасуы).
3. Мемлекет қуаттылығының күшеюі (басқа территорияларын басып алу, экономикалық күштілік, мәдениеттің дамуы).
4. Мемлекеттің әлсіреуі (ішкі алауыздық, әлеуметтік теңсіздік).
5. Тұрақтылық (мемлекеттің гүлденуі, мемлекет күшінің бәсеңдей бастауы)
6. Мемлекеттің құлдырауы (экономикалық дағдарыс, үздіксіз соғыстар, бөлшектеніп кету)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 034



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?