Әбілқайыр мен Моғолстан мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

 Әбілқайыр мен Моғолстан мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? 2-сабақ  (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән:Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. І ж. Қазақстан.
Сабақ тақырыбы: Әбілқайыр мен Моғолстан мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.6 XIII-XV ғғ.мемлекеттерді білу, картаны қолдану арқылы саяси процестерді түсіндіру
6.1.1.2 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттер-дің сыртқы саясатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - Моғолстан мемлекетінің пайда болуын біледі;
- Cаяси картаны қолданып мемлекеттің аумағын мен астанасын көрсетеді;
- Тоғылық-Темір мен Ілияс-Қожа билеушелірінің саясатын талдайды;
-Әбілқайыр хандығының пайда болуын біледі;
- Саяси картаны қолданып мемлекеттің аумағын мен астанасын көрсетеді;
Сәлемдесу,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты қайталау мақсатында сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.
М Ортағасырлық мемлекеттер картасын көрсетіңіз. Саяси картада пайда болған Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеті-нің территориясын көрсетіледі. Оқушылар тақырыппен танысады.
1. Картамен жұмыс. Оқушыларды топқа бөлінеді. Әр топтан бір оқушы келіп, мұғалім қолындағы көрген картаны өз тобына барып, баяндайды. Осылайша оқушылар Моғолстан мемле кетінің территориясымен астанасын біледі. Зерттеу сұрақтары
➢ Моғолстан мемлекетімен Әбілқайыр хандығында қандай саяси оқиғалар орын алды? Бұл оқиғалар алдыңғы тарихи оқиғалар желісіне әсер етті ме?
Зерттеу және талдау Ж/Т Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекеті туралы мәтінді екі бөлек дайындалады. Сынып оқушыларының контингентіне байланысты әдісті тиімді етіп қолданылады. Мысалы:
І.Моғолстан туралы мәтін берілген оқушыға Әбілқайыр хандығы туралы мәтін берілмейді. Алғашқы уақытта оқушылар жеке жұмыс жасайды. Берілген мәтін бойынша оқушы кітапша жасап, түйіндеме құрастырады. Кітапшаның ішіне түйіндеме жазылады. Мысалы:
1-ші бетінде Әбілқайыр хандығының құрылуы мен жер аумағы жазылады.
2-ші бетінде; халқының этникалық құрамы, нығаюы 3-ші бетте; мемлекеттің әлсіреу себептері жазылады; 4-ші бетте; оқушының қорытынды ойы болады.
Моғолстан мемлекеті туралы да дәл осылай түйіндеме құрастырылып, кітапша жасалынады. Кітапша жасалынып біткеннен соң, құрдастар бір–бірімен алмасады, талқылайды. Қажетті мәліметтерді жұмыс дәптеріне жазып алады.
Б Оқушылардың білімін дамыту мақсатында бейне мате-риал көрсетіңіз. Бейнематериал аяқталғаннан соң, сұрақтарға жауап береді.
https://www.youtube.com/watch?v=yiJLrDAyDis
Бейнематериал бойынша сұрақтар:
Бейнебаян бойынша сұрақтар:
1. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды?
2. Мемлекеттің негізін құраған тайпаларды атаңыз.
3. Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы кім?
4. Уәйс хан қай жылдары билік құрды?
5. Жүніс пен Есен Бұға хандары арасындағы таққа таластың нәжесі қандай болды?
ІІ. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлінеді. Топтық жұмысқа постер жасауға қажетті критерийлерді алдын-ала жасап беріледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 259



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?