9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын
Құрметті оқырмандар! Осы мақалада Жеңіс күніне арналған 9 мамыр туралы құттықтау тілектер жинағы жарияланды. 9 мамыр жеңіс күні құтты болсын, Қазақстандықтар!
Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз!
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!
Қарап көоіңіз:
Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!
9 мамыр жеңіс күні
Тоғызыншы мамыр бұл жеңіс күні,
Ардагерлер арқасында жарған бүрі.
Әрбір жылы ықыласпен қарсы аламыз,
Атаулы күн ерекше күннің бірі.
Отаным дер ерлерім болмаса егер,
Ардагерлер бар күшін салмаса егер.
Осы бейбіт күнімізге жетер ме едік?
Отан үшін отқа түсіп жанбаса егер?!
Жеңіс күні оңайлықпен келгені жоқ,
Оңайлықпен жеміс гүлін бергені жоқ.
Ардагерлер арқасы деп білеміз,
Бейбіт күннің бүгінгі бергені көп.
Жібек Искакова
Құтты болсын жеңіс күні
Жеңіс күні, жеңіс туы желбіреп,
Жеңіс күні бір қуантар, мұңайтар.
Отан үшін шайқасқан ата-бабалар,
Бізге қарап бұл күндері сыр айтар.
Ардагерлер саны азайып барады,
Келместің бұл кемесіне мініп ап.
Көктен қарап үн қатады біздерге,
Көк аспанның биігінде тұрып ап.
Отан үшін жанымызды бердік біз,
Аялаңдар отаныңды, еліңді.
Бұл азаттық оңайлықпен келген жоқ,
Дейді олар: «сақта туған жеріңді».
Жібек Искакова
Жеңіс күні құтты болсын
Жеңіс күні мәңгілік тарих болар,
Әр жыл сайын аталып өтілетін.
Жеміс гүлі тамырылап күйді берер,
Әр жыл сайын мықты боп жетілетін.
Тоғызыншы мамыр бұл, жеңіс күні,
Елестетер сұрапыл шайқастарды.
Желбіреген кез елестер жеңіс туы,
Көз алдына әкеліп жай жапсарды.
Қаншама адам айрылды бұл жанынан,
Отан үшін шайқаста жанын беріп.
Әлия мен Мәншүктер қазақ қызы,
Оққа тосқан кеудесін, тәнін беріп.
Жібек Искакова
Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.
Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.
Тірі болсаң жүрер едің 85-те.
Қан майданда, қан кешіп күткен күннің
Келе жатыр ** жылдық мерекең де.
Сұм соғыстан аман кеп, марқұм әке,
Ажал сені әкетті-ау жайлы өмірде.
Бұл қызықты көретін елмен бірге
Тағдыр шіркін өзіңе көпсінді ме.
**-жыл өтті, міне, содан бері
Еске аламыз өзіңді Жеңіс күні.
Сол жеңістің көрсеткен бұл жемісі
Ұрпағыңның есінде қалар мәңгі.
Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді.
Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының батыр екендігін дәлелдеді.
Соғыс зардабы туралы сөз етсек, өрімдей он сегіз бен қылшылдаған қырықтың арасындағы азаматтардың Отан үшін арпалысқаны түскені еске түскенде, жаныңды қоярға жер таба алмайсың. Үйлі-баранды болып, бала сүйетін шақтарында арманда кеткен боздақтар көп болғандығы өкінішті-ақ.
Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ.
Ел тілегі ақталды, ақ түйенің қарыны жарылған күнде жетті.
Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.
Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз.
«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар. Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек.
Түсіндің бе, қарағым,
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын,
Кеше елге қатер төнгенде,
Ол жауға қарсы шапты,
Жалмамақ болған біздерді
Өр кеудесімен жапты....
Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткізгісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді.
Қадірлі соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сайт қолданушылары!
Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осыдан ** жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді.
Қымбатты ардагерлер! Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Қандай шаруаға да белсене қатыстыңыздар. Бүгінгі күні де біздің ортақ проблемаларымыздан шет қалмайсыздар, даңқты ерлік дәстүрлеріне адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Қымбатты Отандастар! Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кенті ЖОББ мектебінің
Ағылшын тілі пән мұғалімі,
Гурленбаева Жумабике Ражабовна.
Қажетті сілтемелер:
- Ұлы отан соғысы, жеңіс күні туралы сурет салу. 9 мамыр туралы суреттер жинағы
- 9 мамыр туралы тақпақтар
- 9 мамырға арналған тағы да құттықтау тілектер жинағы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?