Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

 Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Әр түрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграция үдерістеріне ықпалын түсіндіру;
Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картада көрсету.
Сабақ мақсаттары: Қазақстанның саяси картасын, тарихи үрдістерді, этносаяси бірлестіктердің қалыптасуы және миграцияның себептерін талдайды.
Б Ой-шақыру. Мұғалім ой шақыру үшін оқушыларға «Миграция» ұғымын қалай түсінесіздер? деген проблемалық сұрақ қойып, топтық талқылауға ұсынады.
Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастырады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары таныстырылады.
М Оқушыларға «миграция» ұғымын және оның ерікті әрі мәжбүрлі болатынын, сонымен қатар «этнос», «миграция», «ассимиляция», «консолидация» ұғымдарын түсіндіру.
Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
М Мұғалім бұрын орын алған ғұн тайпаларының Алтай тауларынан Еуразия жеріне қоңыс аударғанын оқушылардың естеріне түсіріп, картадан көрсетеді.
Мәтінмен жұмыс.
Б/Д Оқушыларға түркі тайпаларының миграциясының қандай себептері болуы мүмкін? сұрағын қою.
Оқушылар мәтінмен танысып, миграция себептерін анықтайды. Оларды географиялық, әлеуметтік, саяси, табиғи, экономикалық, кездейсоқ, т.б. жіктейді. Әр топ өздерінің таңдауларын дәлелдейді.
Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы.
Миграцияның себептері Мысалдар
Географиялық
Саяси
Экономикалық
Зерттеу.
Т Төрт топқа зерттеуге белгілі бір тайпаны таңдатыңыз және мәтін таратыңыз. Мәтіндегі деректі қолдана отырып, әр топ өз тайпасының көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып картада белгілейді және олардың территориялық орналасуын картадан көрсетеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 064



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?