Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

 Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Темір өндіру адам өмірін қалай өзгертті?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіреді
Мақсаттары: металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
Б Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 4 топқа қағаз қиындылары арқылы бөлу. Яғни, 1 топ – сәулетшілер, 2 топ – кеңшілер, 3 топ – археологтар, 4 топ – тарихшылар.
«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақтар қоя отырып, өткен сабақтарда игерген білімдерін тексеру (сұрақ - жауап).
1. Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді? (3: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)
2. Тас дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б. 2,6 млн – б.з.б.3 мың жыл)
3. Тас дәуірі неше кезеңіге бөлінеді? (3: палеолит, мезолит, неолит)
4. Адамдардың ең алғаш қолданған металы? (мыс)
5. Мыс-тас ғасыры қалай аталды, кезеңі? (энеолит – б.з.б. 3000-1800 жыл)
6. Тас дәуіріндегі адамдардың негізгі шаруашылықтары? (аңшылық, терімшілік)
7. Малды қолға үйреткен кезең? (мезолит)
8. Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б.2 мың – б.з..б. 8 ғасыр)
9. Қола дәуірін зерттеген ғалымдарды ата (Қ.И.Сәтбаев, В.П.Алексеев, Ә.Х.Марғұлан)
10. Қола дәуірінің ескерткіштерін атап, картадан көрсет (Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, Солтүстік Қазақстандағы Арқайым қонысы, Шағалалы қонысы, Жетісу, Таңбалы тас, т.б. )
11. Алғашқы адамдардың көзқарастары бойынша қандай түсініктер қалыптасты? (тотемизм, анимизм, фетишизм)
12. Жеке меншік қай дәуірде қалыптасты? (қола дәуірінде)
Тапсырма
Оқушыларға бір сөздер жасырынған анаграмма беріледі (тастан жасалынған еңбек құралының, бір қола дәуірі ескерткішінің, бір анықтама, бір ыдыс жасау түрі). Оқушылар анаграммада берілген әріптердің бір-бірімен орындарын ауыстыру арқылы көлденең жасырынған сөздерді тауып, оларға анықтама береді.
1. Петровка (репкатов)
2. Чоппинг (пинчпог)
3. Петроглиф (терголфип)
4. Құмыра (арықұм) .......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 560



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?