Ерлер есімі ешқашан ұмытылмайды

 Ерлер есімі ешқашан ұмытылмайды

Шериева Жулдызай
8 сынып, Өлеңді орта мектебі,
Қостанай облысы, Науырзым ауданы
Жетекшісі: Турмагамбетова Гульсум Сабыровна

Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды
Міне, биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. Еліміз бұл күнді атап өтетіні белгілі. Қан майданда біздің қаншама батырларымыз қаза тапты. Біз бұл жеңіске онайлықпен жеткен жоқпыз. Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Салқыны сан жылдарға созылған, сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері – бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның жеңісін, социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін совет халқының дүние жүзілік фашистік Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия) қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы, екінші дүние жүзілік соғыстың (1939 – 1945) құрамдас бөлігі.
Ұлы Отан соғысында қарама – қарсы екі қоғамдық жүйе – социолизм мен капитализм, олардың идеологиясы бетпе –бет кездесті. Гитлер, оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен совет елін, оның қоғамдық құрылысын құртуды мақсат етті. Фашизм Совет Одағын бөлшектеп, «Осландия» (Белоруссия мен Прибалтика), «Московия» (Россия) (Москва, Тула Ленинград, Горький, Вятка Қазан, Уфа, Пермь) «Украина» (Украина, Россия, Волга өңірі, Воронеж) «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Советтік Азия жерінде «Түркістан», «Еділ – Орал» деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. Фашистер Россияның кең – байтақ территориясын мекендейтін халықтар арасында алауыздықпен жік туғызуға тырысты. Совет мемлекетін құртып жіберу, онда отаршылдық езгі орнату – Герман фашизмінің бүкіл дүние жүзін жаулап, үстемдік жүргізуге бағытталған стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі еді. АҚШ – тың агрессияшыл топтары Германияның соғыс өнеркәсібін дамытуға ат салысты, агрессиялық жоспарларын қолдап қуаттады, фашизмді совет еліне қарсы соғысқа итермеледі.
Міне, осындай дүние жүзілік империализмнің сыбайластық жағдайында Советтік Россияны күйрету жоспары жасалды. Гитлерлік Германия Совет мемлекетінің тәуелсіздігіне, оның халықтарының бостандығына қатерлі қауіп төндірді. Фашистік Германияның 3700 танк, 5000 самолет, 472600 зеңбірек және минометтермен қаруланған 5,5 миллион әскері бар, 190 дивизиядан құрылған жойқын күші 1941ж 22-ші маусымда таңғы сағат 4-те дайын болды. Соғыстың төрт жылы аралығында Қазақстан майданға бір миллион екі мың адам еңбек адам армиясымен арнаулы құрылыс бөлімдеріне шақырылды. Бұл аз ба? Көп пе? 1939 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам өмір сүрген. Тіпті соғыс жүріп жатқан аймақтардан республикаға көшіріліп әкелінген және қуғын – сүргінге ұшыраған 1,5 миллион адамдарды қосып есептегенде, біздің еліміз үшін соғысқа адам алу пайызы өте көп... Қазақстандық төрт батыр, ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов пен С.Д.Луганский Кеңес Одағының Батыры Алтын жүлдызымен екі мәрте марапатталды. Батырлар қатарында қазақтың қаһарман қыздары пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұлова да бар. Олар бүкіл қазақ әйелдерінің жарық жұлдыздарына айналды. Батыр қыздардың екеуі де жаумен айқаста қан майданда қаза тапты.
Соғыс қарсаңындағы жылдарда ел басшылығы жол берген қателіктердің салдарынан соғыстың алғашқы кезеңінде гитлершіл басқыншылар КСРО аумағының бірталай бөлігін жаулап алды. Молдова, Беларусь Балтық жағалауы республикалары, РКФСР – дың бірқатар облыстары мен аудандары уақытша жау қолында қалды. Біздің ауылдан да қаншама ардагерлер соғысқа қатысып, ерен ерлікпен қаза тапты. Олар қайтыс болды, арттарында қалған балалары мен жұбайлары қалды. Біз әжелерімізді әр 9-ыншы мамыр күні мерекеге арналған концерт көруге шакырамыз. Әжелеріміз бізге соғыста не болғанын, қандай қиыншылықтарды бастарынан кешкендерін барлығын айтып береді. Әрине, естіп білгендерін, көргендерін ғана айтады. Қазіргі таңда, соғысқа қатысқан ардагерлеріміз жоқтың қасы. Олардың көздері тірі кезінде біз оларға алғысымызды айтып, құрметтеу керекпіз. Біз оларға мәңгі қарыздармыз. Осындай тату, бейбіт елде тұрып жатқанымыз осы ардагер аталарымыз бен аға – апаларымыздың арқасы. Бейбітшілік өмірде сүріп жатқан біз бақыттымыз. Қорытындылай келе, осындай соғыста біздің қаншама қазақ жастарымыз ерлікпен қаза болды. Біз оларды жылда 9 мамырда еске алып, тағзым етіп, алауға гүл апарып қоямыз. «Отан оттан да ыстық» - деген осы. Олар қаза болғанымен, олардың аттары ешқашан өшпейді, мәңгі жадымызда сақталады.
Сондықтан біз ешқашан «соғыс» деген сөзді естімей, соғысты көрмейміз деген ойдамыз. Әрдайым тыныштықта өмір сүрейік! Ешқашан соғыс болмасын! Бүгінгі таңда Қазақстанды әлем тануда. Жаңа дүние жаңа қоғамға бет бұрды. Елбасымыз Нұрағаның нұрлы жолымен болашаққа нық басайық!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?