Атам жайлы естелік
Салауатов Ербол
Торғай аграрлық-техникалық колледж 3 курс
Жетекшісі: Балмашева Бағила Кенжеғарақызы

Менің ұлы нағашы атам Құлжанов Үкітай Құлжанұлы 1918 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Совет армиясының қатарына алынған. 1939-1940 жылдарда Совет Фин соғысына қатысып, атты әскерде болған. Әскер қатарынан 1941 жылы Ақпан айында босатылуға тиісті екен. Бірақ, Қазақстанға қайта орала алмай Ленинград қаласында қалдырылған. Совет үкіметі екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын болжап, Ленинград қонақ үйлеріне орналастырып рұқсат етпеген. Атам Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград фронтының атты әскерінде соғысқа қатынасыпты. Ленинград Фронтын басқарған лейтенант Поповтың қарамағындағы атты әскерінде «Воскресенское», «Родина Еремина» таулы жерлерінде соғысыпты. 1941жылы 8-інші Қыркүйекте блокадада қалыпты. Үкітай атамның әңгімесінде соғыста үлкен қайғылы, естен кетпес, қан жұтатын оқиғалары көп болыпты. Ойламаған жерден Неміс самалеттері бомбалай жөнелгенде, жазықсыз сәбилер, қариялар, бүтін бір жанұя да, өртеніп қаза болыпты. Соғыста бес атар мылтықпен бес рет атқанда, мылтықтың басы қызарып, тез қызып кете береді, оны суығанша күтіп отыратынбыз, Немістердің технологиялары өте күшті дамыған, қолдарында оқ жаудыратын автоматтары бар болатын, біз мылтығымызды оқтағанша, олар оқты жаудырып жіберетін, осындай кезде көптеген жауынгерлерлерімізден айрылдық. Осы кездерде әскерімізбен бірге соғысып жатқан жерімізге жауларымызды майдан сызығынан өткізіп алдық, орман арасында өзіміздің майдан сызығымызға жеткенімізше, екі аптадай уақыт зымырап өте шығатын. Соғыста азық-түлік таусылып қалатын да кездер болды. Күз айында әсіресе аш өзек жауға қарсы шабуылға шығамыз. Ертеңгі еліміздің жау қолына өтпеуі, негізгі арманымыз ғой, аштық ондайда ештеңе емес.
Ұрпағымызды немістердің құлы, күңі қылмай, отанды қорғау деген мақсат аштықты жеңіп кететін. Кейде бомбалауға келді деп ойлап үрейлендіретін ұшақтар қаптап кететін, жанымыз жай таппай, қайғыланатынбыз. Әлгі ұшақтар бомба емес, азық-түліктер лақтыратын. Өз әскері жатқан аймақтан шатасатын болу керек. Қапшыққапшық тамақтың астында қалатынбыз. Аш болған соң, әлгі тамақтарды алып жеген күндер де болды. Ең қызығы жаңағы тамақтардың ішінде тіс өтпейтін, бір уыс қана нан болды. Бір кеште бәріміз отқа су қайнатып отырғанда, арамыздағы бір жауынгер нанды суға салып жіберді. Аз уақыттың ішінде нан үлкейіп, үлкен тапа нан болып шыға келді. Бәріміз таң қалып, қуанып, мәзмайрам болысқанымыз есімізде. Бүгінгі қуаныш ертең қайғы-мұңға ұласатын. Кешегі бір үзім нанды бөліп жеген, әңгімелескен жауынгер көз алдымызда қансырап, өмірмен қоштасатын. Адамдардың дене мүшелері шашылып жатқанын көргенде, өзімді жайсыз сезініп, денем түршігіп кететін. Сонда да, «Отан-оттан ыстық»-екен. Жауға қарсы шабуылға өршеленіп, кеткен кекті қайтаруға ұмтылатынбыз. Бойымызды қорқыныш билемек түгел, ерегесіп кететінбіз. Осындай күндердің бірінде мен жараланып, есімнен танып, сол жерде өліп кете жаздаппын. Жарылған снаряд бөлшектері денеме кіріп кетіпті. Есімді жинасам, мылтығым қасымда жоқ екен, айнала іздеп айғайлай жөнеліппін. Бір медбике келіп, кеудемді басып,-«уайымдамаңыз, сіз әскери ауруханадасыз»-деп көңілімді орнына түсірді. Соғыста бір қатал заң бар қолыңдағы қарудан айырылмау керек, айырылсаң, ситровбатқа жібереді. Снаряд жабылғанда, мен өте қатты жарақат алыппын, жарты денеме снаряд жарқшақтары кіріп кетіпті. Ота жасау барысында, бір жарықшақты ала-алмапты. Ол жүрегімнің дәл ұшына кірген екен. Сол күннен бастап мен соғысқа жарамсыз болып, елге қайтарлдым. Сол қолым жансызданып, жұмыс істеуге мүлдем жарамсыз болып қалды.
Менің атам жарақатына байланысты елге келген. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Толыбай аулына келіп, бірнеше жылдар есеп-қисап бөлімінде қағаз жұмысымен ғана айналысқан. Уақыт өте келе үйленіп бала-шағалы болған. Төрт қызы-бір ұл баланың әкесі. Үлкен қызы- менің нағашы әжем. Үкітай атам 1976 жылы күз айында дүниеден өтті. Соғыстан алған ауыр жарақатының жүрегінде қалып қойған соңғы жарықшағы менің атамды дүниеден алып кетті. Бұлтты күндерде жүрегі шаншып ауырғанда, атам соғысты есіне түсіретін көрінеді. Сәл ойланып, қамығып, сәлден соң, жүзін қуаныш кернейді екен. «Атам арманыма жеттім, кейінгі ұрпақ бейбітшілікті көрді, оның жанында менің жүрегімнің жарақаты ештеңе емес»-дегенді айтады екен. Мен атамды көрген жоқпын, ол кезде менің анам да бала болған. Атамның өз отанын шын сүйген нағыз батыр болғанын әжемнің әңгімесінен, атам айтқан естеліктен білемін. Соғыс енді ешқашан болмасын дегенді барлық жер жүзіндегі адамзат баласына тілеймін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?