Шексіз алғыс ардагерлерге
Суханцова Юлия
5 сынып, Петропавл қаласы Солтүстік Қазақстан облысы
Жетекшісі: Кабденова Нұргүл Бәйкенқызы

Адамдар! Ақтық демдерің біткенше есте сақтаңдар!
Бақыттың қандай бағамен келгені естеріңде болсын!
Р.Рождественский.
1941 жылдың 22 маусымы тамаша күн болып еді. Соғыс басталды деген қорқынышты жаңалықты естіген кезде адамдар өздерінің күнделікті істерімен айналысып жүрген. Осыған дейін Еуропаны жаулап алған фашистік Германия сол күні біздің Отанымызға тап берді. Біздің жауды жеңе алатынымызға ешкім күманданған жоқ. Патриоттығымыз бен батырлығымыздың арқасында біздің халқымыз осы жаман уақытты басынан өткере алды. Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдары аралығында еліміз миллиондаған адамдардан айырылды. Олар жеріміз бен билігіміз үшін аяусыз айқастарда құрбан болды. Болып жатқан жағдайларға осы адамдардың бір де бірі кінәлі емес болатын. Олар жай ғана өздерінің елін қорғады. Бұл әрқайсысы үшін қиын уақыт болды.
1942 жылдың күзі немістер қазіргі Санкт-Петербург қаласы – Ленинградқа дейін жетті. Қаланы қоршауға алу үш жылға жуық уақытқа созылды. Сол уақыттың ішінде адамдар суықты да, аштықты да, ашынуды да бастарынан кешірді. Тірі қалу үшін иттер мен мысықтарды жеді. Дегенмен, қала жауға қарсы төтеп бере алды, ұнжырғасы түске жоқ, ал адамдар қатал қанішерге айналған жоқ. Олар өз Отанына адал болуды жалғастыра берді. Әкемнің атасы, менің арғы атам өзінің алған жарақатының тарихын айтып берген. Бұл тарих біздің отбасымызда ұрпақтан ұрпаққа айтылып келеді. Бұл 1944 жылы Қызыл Әскер келгенде, Брест қамалының жанында болған.
Менің арғы атам өзінің жанындағылардан қалып қойған. Атыс басталып кетеді де оның қолына оқ тиеді. Ол жолдың жиегіне құлап түседі және қансырай бастайды, ал маңайында ешкім болмайды. Арғы атам енді өмірімен қоштаса бастайды, осылай неше сағат жатқанын да білмейді. Сосын оны біреу жұлқылап арбаға отырғызып жатқанда есін жинайды. Ол арбада мүлдем бөтен кісі келе жатқанын және оны арбаға отырғызып госпитальге әкелгенін айтқан. Мүлдем танымайтын бөтен адам оның өмірін сақтап қалды деп айтуға болады. Арғы атам оның атын да білмейтінін айтқан. Міне, соғыста осылай болған.
Бүгінгі күні өмір сүріп жатқан әр адам Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шексіз алғыс білдіруі тиіс. Себебі осы кісілердің арқасында тыныштық орнаған әлем құрылды. Біз сол жаман кездерді есте сақтауға және тарихты ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге міндеттіміз, өйткені қаншама құрбан болған адамдар саны біздің ұлы Отанымызға фашизмді жеңуге кедергі болған жоқ. Біз 71 жыл бұрын біздің ата-бабаларымыздың берілмей, жеңілмей, өз Отанына адал патриот болып қалғаны үшін мақтануға міндеттіміз. Қазір соғыс жоқ, бұл өте маңызды. Біз барлағымыз достық пен татулықта өмір сүреміз. Біздің аспанымызда әскери ұшақтар ұшпайды, бізді фашисттер атпайды. Бізге бомбапанада жасырыну қажет емес. Біз далада еркін жүріп, серуендейміз. Аспанымыз тыныш, күніміз ашық. Бізге осындай өмір сыйлаған ата-бабаларымызға мәңгі қарыздармыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?