Сұм соғыс еш болмасын!

 Сұм соғыс еш болмасын!

Ерсұлтанов Әміре
7 сынып, №1 орта мектеп,
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы
Жетекшісі: Абубакирова Сара Манарбековна

ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян. Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан.
Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медальордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100ден астам адам - Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды. 1 710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар, 31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол, 4 100 теміржол стансасы, 36 мың пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40 мыңдай аурухана немесе басқа да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп, техникум, жоғары оқу орны, ғылымизерттеу институттары, 42 мың кітапхана және басқа да көптеген нысандар жойып жіберілген, тоналған.
Жек көремін соғысты,
Қираған үй-қоқысты.
Естімесін ешкім де,
Жоқтауды, зарлы дауысты.
Бейбітшілік орнасын,
Сұм соғыс еш болмасын!
Береке-бірлік тұрақтап,
Алла бізді қолдасын! Отаны үшін, елі үшін жаралған,
Қан майданнан жеңіспенен оралған.
Халқымыздың ең қадірлі адамы
Менің атам. Ол кісіде жоқ арман! 70 жыл-біздің Ұлы Жеңіске,
Оқ пен отты бағындырған ер іске!
Майдангерлер, ардагерлер-батырлар,
Жеңіс-солар, мәңгі өлмес періште!
...Міне, бізге Жеңіс осындай жолмен келді. Сол үшін біз атабабаларымыздың ерлігін мақтан етуіміз керек. Жеңіске өз үлесін қосқан батырларымызды әрқашан жадымызда ұстауға тиіспіз. Олардың рухына мың тағзым!!!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?