Сұрапыл соғыс жылдары
Аманжол Думан
Қарағанды қаласы 6 сынып оқушысы
Жетекшісі: Жамангарина Э.А
Қарағанды қаласы 6 сынып оқушысы
Жетекшісі: Жамангарина Э.А
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материялдар жариялайды. Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл – қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова.
1922 жылдың мамыр айының 15 – інде Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.
Оның жастық шағы мен өмірінің басым бөлігі мықты насихаттық идеологияны ұстанған Кеңес заманымен тұспа – тұс келді. Басқа – басқа, Кеңес өкіметінің кезінде Одақ үшін отқа да, суға да түсуге бар жанкешті ұрпақ тәрбиелей білгендігін кімде болса мойындайтыны хақ. Хиуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын. Кеңес заманындағы авияцияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт – насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой – қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген. Ол тек мектепті ғана тәмәмдап қоймай, запстағы ұшқыш деген куәлігін қоса ала шығады. Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери – әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болды. Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Мұнда жүргенде де өр мінезді, қайсар қыз қатарының алды болады. Сабақты жақсы оқығанымен қоймай, ол гимнастикаменде айналысып, қоғам өміріне де белсене атсалысады. Студенттік өмірдің қызығына батып жүрген бақытты күндерді соғыс деген тажал бұзады. Бұл кезде Хиуаздың сессиясын аяқтап, жазғы демалысқа дайындалып жүрген кезі болатын. Ел басына күн туған шақта ол еліне барып, демалып жатқанды әбес көріп, құрбы – құрдастарымен бірге Мәскеу қорғанысын қамтамасыз ету жұмыстарына атсалысады. Олар алдымен «Метрострой» жүйесінде болып, кейіннен Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің қарамағына өтеді. 1941 жылдың қыркүйек айы. Мәскеудің оқу орындарында жаңа оқу жылының басталып жатқан кезі. Ал жастардың көпшілігі Отанды жаудан қорғау үшін майданға аттанып жатқан шақ.
Бұл кезде Хиуаз да майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенде ол әйгілі Марина Раскованың қыз – келіншектерден авиаполк құрып жатқандығын естиді. Бұл Хиуаз сияқты нағыз өршіл жас үшін өзінің кім екендігін көрсетіп қалатын жақсы мүмкіндік еді. Бұны Хиуаздың өзі де жақсы түсінеді. Көктен сұрағаны жерден табылған қайсар қыз ойланбастан, бірден аталған полк басшысына келеді. Қазақ қызына полк басшылығы алғашында сенімсіздікпен қараса да жауынгерлер құрамына қабылдайды. Сөйтіп, жауынгер қыз Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтаған жас қыз 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авияция тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.
Батыр апамыздың ерлік еңбектері туралы қалдырылған жазба деректер бойынша Хиуаз қызмет еткен полк Оңтүстік майданда, яғни Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Ол кездегі авиациядағы штурманның атқаратын рөлі ерекше маңызды еді. Өйткені ол ұшақты алдын – ала анықталған жау құрамаларынаң дәл төбесіне әкеліп бомбалайтын. Сондай – ақ олар ұшаққа жау тарапынан шабуыл жасалғанда әуе шайқасында жүргізеді. Ал экипаж командирі алда жалда мерт болса немесе жаралана қалса, штурман өзі отырған жерінен ұшақты да басқарып, әуедегі шайқасты да жалғастыра береді. Әуеде қарша бораған оқтың арасында жүріп осындай бірнеше міндетті бір адамның атқаруы екінің бірінің қолынан келмесі анық. Ал Хиуаз осы міндетті абыроймен, тіпті асқан шеберлікпен атқара білді. Ол 300-ден астам маңызды тапсырмаларға жіберіліп, барлығында да ерлік көрсеткен. Кейіннен Кеңес Одағының батыры атағын алған Марина Чечневаның Хиуаздың шеберлігі туралы: «Хиуаз Доспанова ұшағын нысанға ылғи да дәл апаратын және өз аэродромына да сондай дәлдікпен қайта оралатын», - деп жазғандығы бекер болмаса керек. Қыз – келіншектерден жасақталған және Хиуаз қызмет еткен авиаполк үкіметтің көптеген наградаларын алған. Алдымен оған «Гвардиялық» деген атақ беріліп, артынан «Тамань», Қызыл Ту, Суворов ордендері беріледі.
Авиаполк қызметкерлерінің жазып қалдырған деректері бойынша, соғыс кезінде алған қатты жарақаттың салдарынан Хиуазды алғашында қаруластары өлді деп санайды. Алайда оның шалажансар күйде жатқандығын біреулер байқап қалады. Сөйтіп ол аман қалып, тек 6 айдан кейін ғана айығып шығады.
Соғыстағы ерліктері үшін батыр қыз «Қызыл жұлдыз», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Кавказды азат еткені ушін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарын иеленіп, әскери атағы аға лейтенант шеніне дейін өседі.
Кеңес әскері 1945 жылы Берлинді азат еткен соң Мемлекеттік Қорғаныс комитеті қыз – келіншектер авиаполкін бірінші болып таратады. Ал бұл кезде екінші топтағы мүгедек Хиуаз медицина институтына келіп оқуын жалғастырмақ болады. Алайда ол сол кездері өзінің ерлік істерімен, іскерлігімен Орал облыстық комитетінің бірінші хатшысы Мінайдар Салиннің көзіне түседі. Содан Хиуаз өзі туған облыстағы обкомның нұсқаушысы болады. Кейіннен Алматыдағы Жоғары партия мектебіне жіберіледі. Сол уақыттан бастап, оның ел басқару ісіндегі қырына жол ашылады. Сөйтіп, ЛКСМ Орталық комитетінің бірінші хатшысы сияқты көптеген лауазымды қызметтерді атқарады.
Ел басына күн туған шақта сұрапыл соғысқа араласып, бейбіт заманда еліне талмай еңбек еткен «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспанова 2008 жылдың мамыр айының 20-сы күні өмірден өтті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?