Тұлғасы тұнған тәлім есімі елге мәлім-Б.Момышұлы
Аманбаева Гүлім
10 сынып оқушысы «№7 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Сәтбаев қаласы Қарағанды облысы
Жетекшісі: Жекенова А.Ж.

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің келешегіне оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетміз деп білейік.
Отаның Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу -сатқындықтың белгісі.
Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс- күймейсің! Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды!»,-дейді...
... Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естеріне ұстаса деймін. Н.Ә.Назарбаев. Ер есімін ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында 1990 жылы ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Бауыржан Момышұлына Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Осы атақ берілген кездегі өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев «Бауыржан жұлдызды болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн», – деп толғана айтқан еді.Қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу, Қарулы Күштер қатарына жанжақты жетілген жастарды тәрбиелеу. Егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан «Сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматын» тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр.Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты ұлттық тәрбие рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл талаптың көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғыдан да артып отыр. Осы тұрғыдан алғанда бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі – жастарға ұлттық тәрбие беруде халықтың мәдени мұрасын пайдалану.Жастардың арасында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға мынадай факторлар әсер етеді: ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет. Жауынгер-жазушы Б.Момышұлының «Соғыс психологиясы» деген еңбегінде аталған қасиеттерге жан-жақты сипаттама беріледі. Солардың ішінде автор әсіресе ұлттық парыз ұғымына аса мән береді. Оның пайымдауынша, ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарау. Қазақ халқының тарихында үлкен абырой мен қадір – қасиет иесі, алғашқы полковник, Кеңес Одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының орны ерекше. Халқымыздың патриот ұлы Б.Момышұлы: Қазақ халқы батырға бай және батырлықты биік дәріптеп, азамат пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық, ерлік, ұрпақтан – ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Одан тәлім – тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл, келешегі тұрлаусыз болады. Б.Момышұлының ерен ерліктері мен жасампаз жауынгерлік істерін насихаттау кеңінен өріс алған.Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы – Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, ел ерсіз бомайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрады. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ер жүректілік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерлігі ерекше.Жауға қарсы сұрапыл соғысты батальон командирі, аға лейтенант болып бастаған Б.Момышұлы Жеңіс күні жақындағанда гвардия полковнигі атағын алып, асқан ерліктері мен дүниені дүр сілкіндірген 9-гвардияшылар дивизиясының қолбасшысы атанды. Б.Момышұлының адамгершілік тұлғасы, ұстаздық ғибраттары мен ерліктері небір дастандар мен шығармалар желісінде айшықтала түсті.
Соғыста есімі аңызға айналған кеңес Одағының Батыры Б.Момышұлы: «Соғыс жылдарында Отанымыздың, партиямыздың шақыруымен жүз мыңдаған Қазақстандықтар ел намысын ер намысын қорғап, олар майдан шебінде тірескеннің тізесін бүктіріп,белдескеннің белін сындырып айқасты. Оларға бел тірек болған ер намысы, ел намысы болды». Сондықтан да «Ежелден ер тілегі – ел тілегі», – дегендей, майдан шебінде біздің жігіттер өлгенше намыс туын көтерді. Әл-Фараби бабамыз «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», – деген екен. Расында да солай.
Өйткені ғылымға бет бұрған, соған барынша назар аударып, тәрбиені заңмен реттеуге тырысқан көптеген дамыған мемлекеттер ел болашағы саналатын жастардың тіршілігіне алаңдаушылық білдіріп, мазасыз күй кеше бастады. Олардың жанында ғасырлар бойы атадан балаға дарыған тәлім-тәрбиесі ұрпақты тек жақсылыққа тәрбиелейтін қасиеттер қазақты заман аласапыранынан сақтап келеді. Болашақта да тағдырымыздың тәлкекке түсіп, талбесігіміз шайқалмауы үшін осы салада қыруар шаруаны іске асыру қажет.
Бұл адамның бойындағы жауынгерлік қасиетті, жауынгерлік өнегелікті қалыптастыра білген.Б.Момышұлы ар-намыс, ождан үшін күрес, Отанды қасықтай қаны қалғанша қорғау, Отанға берілген адал болу- тәрбиенің өзекті мәселесі екенін айта келіп, «бұл ұғымдар үздіксіз тәрбие арқылы сана-сезімге сіңіріледі де, адамның бойында саналы іс-әрекет жасау үшін дербес мінез құлық қасиеті қалыптасады. Жауынгердің адамгершілік келбетіне қорқыныш жат болуға тиіс. Опасызда-Отан жоқ. Отансыз сатқынқорқақ бұралқы итпен тең» деп қарайды. «Ерлік- тәрбиеден туады. Анамнан батыр болып тудым деу –ақымақтық» деп ой түйген Бауыржан, солдатпен командирдің ара-қатынасы туралы сөз қозғап: «Жауынгердің бойында намыс отын тұтандыратын-командир. Командирдің жеке басы ерліктің үлгісі болуымен бірге, командир-жауынгердің басшысы,жаны жайсан, ерлік жігері мықты, жүрегі таза солдаттың серігі болғаны абзал » дегенді талап етті Тәрбие проблемасы-бұл жөргекте жатқан кезден бастап, найзаласқан қоян-қолтық айқасқа дейінгі аралықта жүргізіле беретін тәрбие проблемасы болып табылады. Ата-ана тәрбиесі-Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік – патриоттық, отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеуге шақырды. Тәрбие адам бойына жақсы мінез құлық қалыптастырады, тәрбиелеудегі мақсатсаналылық, бұл тәрбиеде басты мәселе, ал мәжбүр ету қосалқы тәртіп режимі деп қарайды. Қатаң тәртіп, құрғақ ақыру адам қасиетін аяққа басу емес. Армияда адамның адамгершілік сезімін терең құрметтей білуге негізделген қатаң тәртіп қана нәтиже береді деп, ол қатаң тәртіп қоюшылықты жеке бастың ерекшелік қасиетіне негіздей, құрметтей отырып, іске асыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңде елімізде Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру өзекті мәселенің бірі. Мектепте Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығын көбірек насихаттау аса маңызды. Өйткені болашаққа алаңдаған батырдың да қорыққаны бар еді: «Оттан да, оқтан да қорықпаған Бауыржан едім. Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады. Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқамын, екінші немерелеріме ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын.
Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр болама деп қорқамын. Көрдің қолына балта берсең шаба салады, бақыр берсең ала салады, найза берсең сұға салады, намыстанбай бұға салады.Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықты айтамын. Егер ондай соқырлықтан жазылмасақ, халық болудан қаламыз ба деп қорқамын!».
Сондықтан Бауыржан атамыздың айтқан өсиетін насихатын жиі еске алып, содан ауытқымауға тырысып өмір сүре біру әрбір қазақ баласының парызы. Сонымен қатар Б. Момышұлының жастарды төмендегідей 15 қасиеттен жирендіріп, 15 қасиетке баулуға тырысқанын айқын аңғарамын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?