Аты – аңызға, сөзі – нақылға айналған ата
Салыбаева Маржан
А.Үсенов атындағы жалпы орта
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы
Жетекшісі:Қияқова Гүлсара

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі орын алатын күн. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп әрі сын еді! Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Соның бірі – Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының «Ақын – елдің еркесі, Батыр - елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Бауыржан атамызда осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар.
Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Бауыржан дүниеге келгенде:
- О, Момыш баланың бауы берік болсын»
- Ақменттей бабасындай батыр болсын!
- Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!
- Домалақ анамыз жар болсын! десіпті ел – жұрт. Арты шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ата былай деп бата берген екен:
Алатаудың қыраны мол еді
- Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді
- Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді
- Шырағы болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді,
Сыңары болсын, құлыным!
Б.Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі - Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі- жаны-жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында, Бауыржан дүниеге келген еді. Тәуіржан деген інісі жас кезінде қайтыс боп кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан Жамбыл қаласына келіпті. Аса интернатында мектепті бітіреді. 1921 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы аяқтайды. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен мәңгілікке байланыстырады. Бүкіл еліміз үшін мазасыз сол бір Мәскеу үшін шайқаста Б.Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын талай қайтарып, көрсеткен ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені де – осы тұс. Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді. Фашистермен 207 рет қанды шайқасқа кіріп, 5 рет өлімнің құрсауында калды, 2 рет ауыр жараланды. Солдат шинелін киіп, бар халықтың өкілдерімен бірге қан майданды кешіп жүріп, 1943 жылы «Красная звезда» газетіне «өз халқын құрметтеп, сүймеген адам - оңбаған, опасыз адам» деп жазды. Бауыржан ата мәңгі бақи осылай ақиқаттың ақ семсерін сермеп кеткен... Ешкімнің бет-жүзіне қараған емес! Бұл – жан мен тәнге ата нәсілімен, ана сүтімен түгел еніп, ұрпақтан еменнің иір бұтағындай боп қайқиып шыққан қайсар мінез. Бұл жан-ұлан ғайыр Алатау мен Қаратаудың қойнауы – құт топырағы береке болған Мыңбұлағында туған перзенттің өрт мінез-үміті. Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысында аға лейтенант шенінде дивизия командирі болып аяқтады. Яғни, Ұлы Отан соғысынан 9-гвардиялық дивизияның командирі болып оралды.
Сонымен қатар, Б.Момышұлы – соғыстан кейін, 1946 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ.Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерліктері үшін Қазақстандық 497 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ішінде бұл атаққа 1990 жыдың желтоқсанында Б.Момышұлы да кешеуілдеп барып ие болды. Бұл 1941 жыл еді.Қазақстандық генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен 1941 жылы 15 шілдеде Алматы облысы, Талғар қазақ станциясында Қазақстан мен Қырғызстан ұлдарынан 1073 атқыштар полкі жасақталды. Генерал Панфилов басқа полктардан ерекшелеп, «Талғар полкі» деп ат қойды. Полк осы атымен Отан тағдыры қыл үстінде тұрғанда неміс басқыншыларына қарсы әділетті ұрысқа кірісті. Қазақ халқының үлкен дарын иесі, даңқты қолбасшы, патриот жазушысы Б.Момышұлының шабандоз, ат бапкері болғандығын бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Халқымыздың салт-дәстүріне сусындап өскен Бауыржан Қамбар атаның тұлпарын қалай жан-жүрегімен түсінді десеңші! «Лоторея берілген көп жылқының ішінен сүттей аппақ, сүйріктей жіңішке, екі құлағы тас төбесіне шаншылған, қаракөз атты таңдап алды». Бауыржан халқымыздың және Қызыл Армияның ат спортының шабандозы және Толыбай мен Абайдай ат сыншысы және нағыз үздік ат бапкері болды Б.Момышұлы тек атақ-даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы, өзіндік пікір толғанысы бар, алғыр да тапқыр, соғыс тақырыбында қалам тербеген талантты, дарынды жазушы. Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп. Солардың бірегейін атасақ: «Қанмен жазылған кітап», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Менің отбасым», «Майдандас достарым», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Адам қайраты», «Артымызда – Москва» батыр бабамыздың өзі туралы жазған А.Бектің «Арпалыс», «Волоколом тас жолы», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармалары дәлел. «Жаным-арымның садағасы» деген сияқты ерекше мағынасы бар халық мақалы, орыстың кемеңгер қолбасшысы А.В.Суворовтың: «Әскери машықта азаптансаң, ұрыста қиналмайсың» деген тамаша қағидасы, Панфиловтың «Солдат жаумен шайқасқанда өлу үшін емес, өмір сүру үшін шайқасады.» деген нақыл сөзі бабамыздың күнделікті іс-әрекетіне бұлжымас ереже, жетекші нұсқау болды.
Б.Момышұлы соғыс жылдарында қатал әскери бастық болып қана қоймай, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, дарынды да талантты сардар бола білді. Жауынгерлерді қан майданда халықтың қасиетті тапсырмасын, сүйікті Отанымыздың абзал аманатын абыроймен адал орындайтын жалынды патриоттар етіп тәрбиелеу үшін Б.Момышұлы халықтың даналығынан туған, өсиеттер мен қағидаларын кеңінен пайдаланып отырды. Бауыржан атамыздың мына қанатты сөздері:«Опасызда отан жоқ», «Епсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды», «Командир – аға, солдат іні»сөздері осыған дәлел. Қиян кескі арпалыс тұсында Бауыржанның өзі де сол дәуір дөп келетін көптеген нақыл сөздерді тудырып еді. Солардың біразын мысалға келтірейін. «Әділсіздік – әлсіздік, ептілікте - ерлік», «Қара бет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық», «Өжеттіліктен не пайда, ерлігі мен ақылы көпті батыр етпесе», «Жігіт болсаң жігеріңді жасытпа, қайратыңа қайта мін», «Хас батыр ұрпағы бардың арманы жоқ».
Осындай сөздеріне қарап: «Б.Момышұлы тек атақ-даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы, өзіндік пікір толғанысы бар, алғыр да тапқыр азамат» - деп бағалаған қазақ халқының заңғар жазушысы М.Әуезов. Соғыс тәжірибелері «Әділсіздік-әлсіздік, ептілікте-ерлік» екеніне көзімді жеткізді. Қазақ халқының өткен тарихындағы барлық жақсы дәстүрлер бүгінгі таңда қайта салтанат құруы тиіс. Тарихымыздағы даңқты қазақ жігіттері Исатай, Махамбет, Амангелді және тағы басқа ерлік істері біздің қазіргі заманғы жігіттеріміздің дәстүріне айналуы керек. Жастарымыздың оларды нашар білетіні қандай өкінішті десеңші. Қазақстанда қазақ тілі заңының әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына төрге шығарып отырғызып, бұрынғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тезден қолға алынып, тіл бұрмалау ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асырылуы тиіс. Аяқ асты елеусіз болып кеткен қазақыландыру мәселесін алдымен қазақтардың өздерін тіл жөнінен тәртіптеуден бастап барлық үкімет, кеңсе, ғылым, оқу, өндіріс, өнеркәсіп орындарында қайтадан әділдікпен көтеріліп қолға алынуы жөн. Барлық оқу орындарында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы міндетті сабақ болуы керек, - деп жазды Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Әбдіхалықов жолдасқа гвардия полковнигі Б.Момышұлынан 1944 жылы 15 ақпан.
Халқының төрдегі басын есікке сүйреген 1986 жылғы желтоқсанның топалаңын ол көрген жоқ... Қоғамымыздағы 70 жылдан соң болған қопарылысты көруді Қазақстанның Халық Қаһарманы Б.Момышұлына жазбапты. Ол өзіне елінің «Халық қаһарманы» деген атағын бергенін де білмеді... Батыр бәлкім, мұны білгенде мен ешкімнен атақ-даңқты сұраған жоқпын деп жұртты қақ жарып жүре берерме еді? Өмірдің көшінен осыншама адамның арын тазалап, азаматтың тәуелсіздігін ту етіп алып шығар еді. Бірақ... ол мұның бәрін өзінен кейінгі Бауыржандарға – кейінгі лектің ішінде келе жатқан халықтың асыл ұл-қыздарына тастады да кетті!Бауыржан ата аңызға айналған аты туған ауылына,ірі қалалардың көшелері,мектептеріне берілді. Туған жерінен мұражай ашылған. Жержерлерде Бауыржан атаға ескерткіштер ашылды. «Ер қадірін ел білер» деген осы.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?