Ғасырды көрген данышпан
Мәрімбай Ақниет
6 сынып № 5 Абай атындағы ЖОМ ОҚО Кентау қаласы
Жетекшісі: Туребекова Анаркуль Зархановна

Сан қилы саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсіз. Өйткені, бір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзім болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда бір мың төрт жүз он сегіз күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің ауқымы мен қилы-қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. Өйткені, ол сан миллион адамдардың өмірін қиған, жер бетінде бұрын - соңды болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді.
Өткен ғасырдың басында он бес одақтас республикадан құралған «мызғымас» одақ едік. Оны бәрімізге ортақ Отан дедік. Қазығын Германияда қаққан фашизм тұтқиылдан шабуыл жасағанда, қиырдағы Қазақстан жұртшылығы да сол Отанды қорғауға өре түрегелді. Мәскеудегі басшылар мұны Ұлы Отан соғысы деп жар салды. Тарих беттеріне солай деп жазылды. Коммунистік идеология «Әділет біздің жақта біз жеңеміз!» деп ұрандатып, қан майдандағы жауынгерлерді, тылдағы еңбеккерлерді жігерлендірді. Иә, ауыр азапты бес жылдан соң біз жеңдік. Бірақ, қандай шығынмен десеңізші?! Қаншама жас қыршын кетті?! Тіптен, бір отбасынан 4-5 жанды майданға аттандырғанда, кейін солардың тым болмаса бірі елге дін аман оралмаса, не дейсіз?! Қаншама шаңырақ қаңырап, күйреп ортасына түсті?! Ана жесір, бала жетім қалды. Олар отағасы қапияда кетті дегенге сенбеді. Үнемі ұзын жолдың бойына телміре қарап, күндерін, айларын, жылдарын зарыға күтумен өткізді. Қашан оның қабірін көздерімен көріп, көңілдері суығанша үміттерін үзбеді.
Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардағы жарылысы, танкілердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ, соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені, ол ұмытылмайды. Сондықтан да мұны, Ұлы Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға, мына тап осы өздері секілді кешегі гүлдей құлпырған жап-жас қыздар мен ұлдардың жастық өмірлерін Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан үшін қолдарына қару алып, сапқа тұрды. Сарбаз киімін киіп, қандай қиындықты бастан кешпесін, ешбір ауыртпалық алған бағыттарынан қайтара алмады. Ал, соғыс, ол-қасірет. Басқа төнген қасіреттен олардың көбі қайтып оралмады. Қайта оралғандары соғыстан кейін өмірдің қызығын, жан рахатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі, жүрекке түскен жара, тәнге қадалған оқ табы әлсін-әлі мазалайды. Сөйтіп, уақыт өткен сайын олардың қатары азайып барады. Енді, міне, қазір қарасаң, саусақпен санарлықтай қалған олардың әрқайсысы-бір-бір кітап жазуға тұрарлық лайықты жандар.
«Елу жылда ел жаңа» дегендей жаңарған, жаңғырған заман тұрғысынан кешегі сұрапыл қырғынның қияпатына көз тігіп, осы соғыстың біздің ұлтымыздың тарихындағы, тағдырындағы орны қандай екенін бағамдайтын уақыт жеткендей. Қабырғасы қираған Кеңес империясының санамызға сіңірген идеологиялық сандықтарын қайта қарап, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін анықтап, ақиқатты бүркемелей айтқанымыз жөн. Тәуелсіздікке қол жеткізгенше дүниенің ақ-қарасын аңдамайтын соқыр адамдай болып келдік. Соғыстың да, басқа дәуірлеріміздің де толық шындығы бізге жетпеді. Өз халқына шындықты айтпайтын өкіметтің тұсында өмір сүргендіктен тек белгілі бір ойлау қалыптарының, идеологиялық құрсаулардың шеңберінде қалдық. Соңғы ашылған мұрағаттық деректер мен құжаттар өткен соғыстың көп көлеңкелі, қанқұйлы тұстарын да ашып отыр.
1988-1989 жылдар КСРО Қарулы күштерінің Бас штабында 1941-1945 жылғы кеңес әскерінің жеке құрамы мен қару-жарақтың, соғыс техникасының шығынын анықтау жөнінде екі комиссия жұмыс істейді. Оның қорытындысы қаралып, бекітілді. «Майданда қаза тапқан, жоғалып кеткен, тұтқынға түсіп, одан қайта оралмаған, жарақат алып немесе кездейсоқ оқиғаға ұшырап өлгендер - Қиыр Шығыстағы науқанды қосып есептегенде 8 млн 668 мың 400 адам» - деп жазды. Бас штаб бастығы, армия генералы Момсеев. Осыдан кейін соғыс ары қарай жалғаса берді.
Тыңдаңыз, Қарт,
Ұлдарыңыздың үнін
Әкеміз Жамбыл, алыстан,
Ғасырды көрген данышпан,
Тыңдап, құлақ салыңыз.
Ұлдарыңның майданнан
Жауынгерлік сәлемін
Қабыл көріп алыңыз.
Ұлыңды батыр сансыз мың,
Желіндей желпіп жеңістің
Жетті сіздің хатыңыз.
Жолдаған сәлем жүректен,
Жолыңды, жақсы тілекпен
Күш берді қарт атыңыз.
Уа, қадірлі атажан,
Ұлы жолға аттанған
Ұлдарыңа сеніңіз.
Жауды аяусыз қырамыз,
Тұрғысбастай ұрамыз
Тазарғанша еліміз!
Көкорай шалғын көліміз!
Асуы асқар беліміз!
Босағанша жеріміз
Тоқтамаймыз бір минут
Таусылмаса деміміз!
Фашист деген зұлым жау
Ойнамайды, күлмейді,
Адамның тілін білмейді.
Кісі өлтіру, қан ішу-
Өзгені көзге ілмейді.
Сөйлесу керек олармен
Қызыл оттың тілімен,
Көк зеңбірек үнімен.
Ұшқыр оттың сөзімен,
Егеулі найза өзімен,
Болат қанжар жүзімен!
Қазақстандықтар 1941 жылғы 22 маусымда басталған соғыстың алғашқы сағаттарында-ақ ерлік көрсетті. Сол күндерде біздің елімізде жерлестеріміздің ерлігі аңызға айналып жататын. Олардың есімдері ауыздан түспейтін. Жүздеген мың қазақстандықтар майданға жіберуді талап етіп, әскери комиссариаттарға өтініштерін берді. Сол кезде республика бүкіл елдің әскерге шақыру орталығына айналды десек, артық айтқандық болмас. Олар барлық майданда шайқасып, жеңілістің ащы дәмін де, жеңіс қуанышын да татты. Қазақстанда құрылған әскери құрамалар мен бөлімдер тамаша ерлік үлгісін көрсетті. Қазақстандық ұлттық құрамалар соғыстың басынан аяғына дейін өзге бауырлас халықтармен бірге соғыс жылдарының тар жол тайғақ кешуінен өтіп, жеңіс туын асқақ желбіретті. Қазақ дейтін сөз Кеңес Одағының достас, бауырлас халықтарының арасында ғана емес, одан жырақ шалғайларда да лайықты құрметпен ауызға алынатын болды. Мылтық ұстаған қазақ сұрапыл соғыста қара көбейтіп қана жүрген жоқ. Жауынгерлік парызын адал атқарды.
«Ерді намыс өлтіреді», «Арым- жанымның садағасы» деп сүйегіне өсиет сіңіріп, өткен қыр баласы ата-баба өсиетінен айныған емес. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақтар өзінің ерлігінің, жауынгерлік және қолбасшылық өнерінің арқасында Одақ бойынша ең жоғары мемлекеттік награда алғандардың алдыңғы қатарына кіріп, Қазақстан мен қазақтарды бүкіл Одақ пен әлемге танытты.
«Ұлы Отан соғысы – біздің халқымыздың барша ұлт өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыз биік рухын, ерлігі мен қазақылығын бүкіл әлемге танытқан соғыс. Осы Ұлы соғыс- ата- бабаларымыщздың Ұлы ерлігін мәңгілік еткен, ел тыныштығын сақтаудағы ең қастерлі мереке. Егер сіздердің соғыс уақытындағы осы жеңістеріңіз болмаса, бүгінде жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Сондықтан жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында мен жеңісті жақындатқан барша ардагер аға-аналарымыздың алдында бүгінгі ұрпақ атынан басымды иіп, айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс мерекесі-бейбітшіліксүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі.
Жеңіс мерекесі-әрбір төртінші азаматтың соғысқа аттандырған бүкіл қазақстандықтардың мерекесі.
Жеңіс мерекесі-жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі.
Бұл – біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз. Біз аға буынның алдында шексіз қарыздармыз және сіздерді әрдайым мақтан етеміз! Сондықтан аға буынға қамқорлық – біздің ең абзал борышымыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?