Ардагерлер-естелігі соғыстың

 Ардагерлер-естелігі соғыстың

Құрманғазыұлы Әшірхан
10-сынып, «Шеңгелді» шағын жинақты жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан обл, Отырар ауданы,
Жетекшісі: Аманжол Айша Сырлыбайқызы

Ұмыт болған , ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын ,бітпейтін,
Ардагерлер-естелігі соғыстың
Соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға 71 жыл толады. Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен сол бір сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданға кеудесін от пен оққа төсеп, отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті. Өмір мен өлім белдескен алапат айқаста халқымыздың Отанға қажымас қайраты мен жарасты ынтымағының арқасында Ұлы Жеңіс келді. Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!
... Майданда жауға атылған әр он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды Белі бүгілген қария, жас ана, қартаң әйел, буыны бекімеген бала-бәрі де азаматтардың тылда өлшеусіз еңбек етті. Олар мал бақты,шөп шапты, жер жыртты, егін салды, көмір қазды, мұнай өндірді, қару-жарақ жасады, азық-түлік шығарды. Халқымыз майдан қамын ойлап, Жеңісті жақындату үшін аянбады. Соғыстың алғашқы күндерінде Қазақстанда әскери бөлімдер жасақталып, бір миллион екі жүз мыңдай адам майданға аттанды. 1941 жылы Алматыда 316-атқыштар дивизиясы жасақталып, Мәскеу қаласын қорғауда өшпес даңқа бөленді. Ал қазақ ақын-жазушыларының 60 пайызы өз еріктерімен майданға аттанып, жауға қарсы қарумен майданға аттанып, жауға қарсы қарумен де, қаламмен де күресті. Қаламгерлердің отты өлең-жырлары, байыпты мақалалары, әңгімелері жауынгерлердің бойына намыс пен жігер, қажыр мен қайрат, табандылық пен ерлік рухын дарыта алды. Жамбыл бабамыздың жалынды жырлары, Қасым ақынның өршіл өлеңдері, Б.Бұлқышевтің жігерлі сөздері, «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, қайрат көрсетіп өлген артық» - деген сияқты Б.Момышұлының намысқа толы нақылдары халықты батырлыққа бастап ертең-ақ жетер азат күнге деген сенімін жоғалтпауға көмектесті. «ерлік елдің асқақ әні, жалынды жыры, күмбірлеген күйі боп шалқуда. «Ерлік елге-мұра, ұрпаққа ұран» деп халқымыз бекер айтпаған.
Сондай ерлігі елге мұра, ұрпаққа ұран боп қалған Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, Н.Әбдіров, С.Баймағамбетов, Т.Бигельдинов, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Х.Доспанова сияқты батырлар халық жүрегінен орын алды. Біздің туған аулымыз Отырар ауданы Шеңгелді аулында соғыс ардагерлеріне зерттеу жүргізудің арқасында мынадай мәліметтер таптық. 2006 жылы ауылда «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» атты ескерткішінің ашылуында майдан даласынан оралмағандардың саны - 39, майдан даласынан оралғандардың саны - 30 екендігін байқадық. Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қан-майданға аттанған жауынгер аталарымыздың екі-үшеуіне тоқталып кетейін. Қантбеков Қали 1921 жылы Қоғамда туылған. 1941 жылы 20 қаңтарда соғысқа аттанып 3 айдан кейін Челябинск қаласындағы айлық әскери жаттығудан өткеннен кейін Белоруссиядағы соғысқа қатысып, сол жерден пленге түсіп, Германияға жеткізілген. Соғыс аяқталғаннан кейін Франция арқылы елімізге қайтарылған.
Соғыстан келегеннен кейін қоғамда жұмыс жасайды. 1958 жылдан бастап совхозының екінші фермасында жұмыс жасайды. Онан соң еңбек демалысына шығып, 1996 жылы дүниеден өтті. Аянбаев Пернебек хатқа түскен дерек көздерінің бірі 6 мамыр 2006 жылы «Отырар алқабы» газетіне шыққан Аянбаев Пернебектің 1942 жылы жазған майдан даласынан «Елге хат» деген өлеңі жарияланады. Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді. Аудан тұрғыны Сейділләхан Елбасиевтің Елбасиевтің ұзақ жылдар сақтаған сарғайған парағының бірі еді. Пернебек Аянбаев:
Туған туыс көз көргенім,
Ақылдың білдім әсте өзгергенін.
Хат жаздым жалпыңызға қалпыңызға ,
Білдіріп оздық жедел теделгенін.
Халдарың қалай туған-туыс бауырларым,
Сойылып соғып намыс қабырғаның.
Ақтыққа ниет етіп жүрсіңдер ме?
Тірліктің ханет етіп табылғанын.
Колхоздың халы қалай жаңаша ма?
Көркемдеп көркем сурет тамаша ма?
Кезінде отан соғыс демеу болып,
Атағын әйгілі етіп қосқан жырға...
Пернебек те 1923 жылы Шеңгелдіде туылған. Алғаш білімді де «Қоғам» орта мектебінде тәмамдады. Мектеп бітірген соң екі жылдық пединститутқа қабылданады. 1942 жылы Алматы қаласында әскери дайындықтан өтіп, соғыс майданына аттанада. Ел үшін жан алып, жан беріскен шайқаста қаза табады. Әуелбек Иманбердие - 1921 жылы 14 шілдеде Отырар ауданы Шеңгелді ауылында туылған. 1934-1937 жылға дейін Шеңгелді бастауыш мектебінің 4 сыныбын бітірген. 1939-1940 жылдары Түркістандағы №19 темір жол қазақ орта мектебінің 7-сыныбын бітірген. 1942 жылы 10-шы наурызда майданға аттанып, Украйнаның Светогорск, Барвенкова, Запарожья, Николаев, Раздельная қалаларының бағыттарында кескілескен ұрыстарға қатысып, жеңіске өз үлесін қосқан. 1946 жылы 18 мамырда Болгарияның астанасы – Софьядан елге оралады. Одан соң Түркістанда, шілікте, туған жері Шеңгелдіде жұмыс істеп құрметті демалысқа шықты. Бос уақытында өлең жазумен қатар жыршылығымен көзге түскен адам. Ауылда кешқұрым жастардың басын қосып ғибратты әңгімелер мен қоса дастандарды жатқа оқып түннен таңға дейін тоқтамай айтатын білімді адам болған. Оның өлеңдері: «Салақ шәкіртке», «Жеңіс күні», «Туған жерге арнау», «Аналарға тағзым», «Майданнан хат», т.б көптеген өлеңдері бір дәптер болып сарғайып мектептің мұражайында жатқан жайы бар.
Майданға аттандырған халқым сеніп,
Қолыма автоматтай қару беріп.
Батысқа отан үшін шектім сапар,
Дұшпаннан кек алмасқа қанын төгіп-деген шумақтарнан отанға
деген құрмет пен сағыныштың бар екенін айтып өтеді.
Әлем-дархан,саялаңдар, бәріңе де орын бар.
Қорған емес, салтанатты сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар , сендер тату, сендер тату болыңдар!
Бұл ақиық ақын М.Мақатаевтың сөзі. Жеңіс-біздер үшін кейінгі ұрпаққа ұлықтайтын шежіре болмақ. Аға-апаларымызға деген құрмет үнемі тарихтың ақ парағында сарғайғанмен, ол күндер мәңгі есте сақталады. Ұлы Жеңістің 71 жылдығында Қазақстан атты алып Отанымның тұтас өмірінің, барлық саласының жетістіктері мен жеңістеріне жалғаса берсін!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?