Жеңіс күні қуанышты тойлайтын
Кенжетай Айнұр
10 сынып. №103 жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ.
Жетекшісі: Сералиева Айжамила
10 сынып. №103 жалпы орта мектебі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ.
Жетекшісі: Сералиева Айжамила
Кім Отанын шексіз сүйсе қаншама,
Оның тартар азабы да соншама М.Шаханов
Қазақ халқы өзінің басынан талай-талай сұрапыл күндерді өткізген. Елім деп еңіреген ұлдары тәуелсіздік үшін жандарын қиған. Желмаясына мініп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды іздеп ел кезсе, еліміздің маңдайына біткен біртуар ұлдары қайтсек халықты білімді, озық етеміз деп түн қатты. А.Байтұрсынов ұйқыдағы халықты маса болып шағып оятса, М.Дулатов «Оян, қазақ!» деген жар салды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» мақсат еткен Сұлтанмахмұт болса, жер-жерден қазақ балалары үшін мектеп ашуды көздеген Ыбырай еді. Отарлау саясаты кезінде қиналған халықтың көз жасын тыям деп, атқа мінген Исатай мен Махамбет болса, азаттық үшін алысқан Тұрар, Әлихан, Амангелді сияқты аталарымыз ел тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан етті. Осындай азапты да ауыр күндерді басынан кешкен қазақ халқына екінші дүниежүзілік соғыс та оңай тимеді. 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы 5 жылға созылды. Осы уақыт аралығында халық басына төнген қара бұлтты серпу үшін, асыл азаматтарымыз майданға аттанды. Ол соғыс талай шаңырақты шайқалтты. 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыстағы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпағы үшін бейбіт те жарқын өмір сыйлаған азаматтарымыздың өшпес ерлігін ешқашанда ұмытпаймыз. Ұлы Отан соғысына қаруымен де қаламымен де жауға қарсы аттанған ақын С.Мәуленов:
Мың қолдар сау болсын деп,
- Мен бір қолымды бердім,
Мың жолдар жалғансын деп,
- Мен бір жолымды бердім,- десе,
«Түбірлер» өлеңінде ақын:
Көрінеді Түбірлер Орманнан
Мүгедек солдат секілді Түбірлер
Түбірлер Айырылған
«Соғыс ше? Бұтақ қолдардан
Менен біліңдер» Деп тұрғандай түбірлер.
Түбір арқылы ақын соғыс апатын, оның адамға әкелген алапатын көзімізге елестетеді. Жеңіс өздігінен келген жоқ. Біз бұл жеңіске талай құрбандықтың, еліміздің адал перзенттерінің төгілген қанының, бүкіл халықтың қажырлы да қайратты еңбегінің, ынтымақ-бірлігінің арқасында жеттік. «Етігімен су кешкен, ауыздықпен су ішкен» сұрапыл соғыста қаншама отбасы азаматынан, сүйген жарынан, асқар тауы әкесінен, бауыр еті баласынан айырылды.Ұлы Отан соғысының батырлары Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Т.Бигелдинов, Р.Қошқарбаев, Т.Тоқтаров, Ә. Молдағұлова, М.Мәметова сынды аяулы ұл-қыздарымыз бүгінгі тәуелсіздік үшін жанын берді.
Ежелден ер тілегі – ел тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Қол жайып, шын ниетпен берген бата,
Шаршаған жауынгерге – бел тірегі, - деген Бауыржан атамыз бейбіт күнді, бақытты ұрпақтарды көзімен көрді. Бауыржан атамыздың қазіргі кезде айтылып жүрген, қанатты сөздері сол бір сұрапыл соғыстың айнасы іспетті. «Ел атағын ер шығарар», «Опасызда Отан жоқ», «белдескеннің белін сындыр, тірескеннің тізесін бүктір», «Ердің аты – намыс», - деген Б.Момышұлы ерліктің, адамзаттың символы. Осындай айбынды азаматтарымыздың арқасында бейбіт заманға қол жеткіздік. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай еңбек етті. Ауылда қалған аналар мен балалар таңның атысы мен күннің батысына дейін еңбек етті. Ақиық ақын М.Мақатаев «Біздің балалық шағымызды соғыс ұрлап кетті, біз бала болып ойнаған жоқпыз»,- деп еске алады. Бұл сол кездегі балалардың өмірі еді. Қарны тойып нан жеген жоқ. Иығы жылтырап, киім киген жоқ. Бала болып маужырап жылы төсекте ұйықтаған жоқ. Соғысқа кеткен әкелері мен ағаларын сағынып, сарғайып сүреңсіз өмір сүріп жатты.
Міне, осындай қанқұйлы заманның сұрапыл соғысы 5 жылға созылды. Отан үшін отқа түскен азаматтарымыз өз өмірлерін қия отырып, жеңіске қол жеткізді. Ол 1945 жылдың мамыр айы еді. Берлиндегі Рейхстагқа ту тіккен қаракөз қазақтың ұлы Р.Қошқарбаев еді. Халықтың қуанышында шек болмады. Бір кездері қайғыдан жыласа, енді қуаныштан жылады. Қуаныштан төбелері көкке бір елі жетпеді. Міне, содан бері 71 жыл өтіпті. Тәуелсіздік үшін қаншама атабабаларымыз өмірлерін қиды. Олар біздің болашағымыз үшін түн ұйқысын төрт бөлді. Сол тәуелсіздікке 1991жылы қол жеткізідік. Тәуелсіз Қазақстанның туы желбіреді, әнұраны шырқалды, елтаңбасы ілінді, Елбасымыз сайланды. Халықтың жағдайы күннен күнге жақсара берді. Асанқайғы бабамыз армандаған қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды. Елдің еңсесі көтеріліп, өз жеріне, еліне, қазба байлықтарына қолдары жетті. Кешегі ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз бейбіт заманды көздерімен көрді. Осы тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалауға да атсалысты. Олар екі ғасырдың куәсі болды.
«Сендер,тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздікті бізге аманат етті. Тәуелсіздіктің туын желбірету, ата-бабаларымыздың қанымен келген бейбіт заманның тыныштығын нығайту-мына біздердің қолымызда.
Зұлым соғыс,жүрекке жара салғансың
Ұмыт болмай,кеудеде мәңгі қалғансың
Қантөгіспен,жауыздықпен қаншама
Миллиондаған өмірлерді алғансың
Өлім құшты талай адам баласы,
Жараланған көп қой адам баласы,
Бауыр еті баласынан айырылып,
Қан жұтып жүр жылап,өксіп анасы
Жеңіс үшін талай жүрек тоқтады,
Қаншама жан туыстарын жоқтады,
Сұрауы бар әрбір тамшы жастың да.
Сөнген жүрек қайта енді соқпады.
Жеңіс күні қуанышты тойлайтын,
Жеңіс туы аспанымда самғайтын
Жетпіс бір жыл уақыт талай өтсе де,
Ұлылығын ол ешқашан жоймайтын, - деп өз өлеңіммен аяқтаймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?