Ардагер аталарыма мың тағзым!

 Ардагер аталарыма мың тағзым!

Әкімбек Жанель
Оңтүстік Қазақстан облыс, Қазығұрт ауданы,
«Шарбұлақ» жалпы орта мектедінің 7 сынып оқушысы
Жетекшісі: Сүлешова Роза

Екінші дүние жүзілік соғыс. Бұл соғыс негізінен германияның өкіметіне Адольф Гитлердің фашистік партиясының келуінен туындады. Гитлердің сайлауда жеңуі-оның мақсатына жетуіне көмектесті. Фашистік Германия 1939 жылы 1 қыркүйекте Польшаға шабуыл жасап, екі апта ішінде талқандайды. Осылайша Германия біртіндеп басқа да елдерді бағындыра бастады .Бәрі де осылай кете берер ме еді, бірақ Фашистік Германия енді КСРО-ға көз тіге бастады. Ал КСРО мен Германия арасындағы келісім байынща, Германия КСРО-ға шабуылдамауы керек болатын.
1941-жылдың 22-маусымында таңғы сағат төрттер шамасында Фашистік Германия әскерлері соғысты жарияламастан КСРО жеріне баса-көктеп кіреді.Германия жағында соғысқа Румыня, Италия, Венгрия, Финляндия, Словакия және Хорватия елдері де қатысты. Испания өкіметі кеңес-герман майданына еріктілерден құралған дивизия жібереді. Кеңес Одағына қарсы жүз тоқсан дивизия, оның ішінде. Жүз елу үш неміс дивизиясы, жалпы Герман қарулы күштерінің 80%-ы катысты. Шығыс майданы Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші майданы болды.
Германия шабуылы Кеңес Одағына өте ауыр тиді. КСРО-ның батыс шекаралық аймақтарында жүз жетпіс дивизия шоғырланған еді. Соғыс қарcаңында қырық мыңнан астам командир мен саяси қызметкерлерді қуғынсүргінге ұшыратқан болатын. Сөйтіп Қызыл армияның басшылық құрамы қатты әлсірейді. Кеңес одағында арнайы дайындалған әскер, қару-жарақ жеткіліксіз балғандықтан, елдегі 16 жасқа толған еркек кіндікті азаматтардың бәрін соғысқа алып кетуге мәжбүр болды. Сөйтіп елде тек қариялар, әйелдер мен балалар ғана қалады. Бұл соғыста әйелдер де қарап калған жоқ,өз Отандарын қорғауға олар да барынша үлес қосты.
Фашистік Германия осылайша тыныш, қаннен-қаперсіз жатқан елге қорқынышпен қоса, аса ауыр еңбек, қайғы-қасірет ала келді. Бұл соғыс КСРО жағынан әділетті соғыс болғандықтан, біз оны «Ұлы Отан соғысы» деп атаймыз.
Кей адамдар бұл соғысты «қолдан жасалған соғыс», немесе «Сталин мен Гитлердің арасындағы ғана соғыс» деп те атайды. Қалай болса да сол кездің адамдары өз елін, жерін, Отанын қорғаудың тамаша үлгісін көрсетті.
Соғыс жылдарындғы ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан соғыс жылдарында КСРО-ның қару-жарақ, шикізат арсеналына айналды. КСРО сырттан келген жауды қалай да болсын Қазакстанға кіргізбеуге тырысады. Себебі Қазақстан- Кеңес Одағының орталығында орналасты. Егер жау Қазақстанға кірер болса, онда КСРО шикізат, азық-түлік қоймасынан айырылып, сөзсіз жеңілер еді.
Майданда атылған әр он оқтың тоғызы Шымкент қорғасын зауытында жасалған еді. Сарбаздарға барған азық-түлік те негізінен Қазақстаннан жеткізілетін болған. Ал осыншама өнімді елде қалған балалар, әйелдер мен қарттар өндірді.
Жас балалар таңнан қара кешке дейін тылда жұмыс жасады. Әйелдер ер-азаматтарынан, қарттар ұлдарынан, балалар әкелерінен айырылды. Көптеген үйлерге «қара қағаздар» келіп жатты. Соғыс жылдарында Қазақстаннан 1,7 млн. адам соғысқа аттанды. Оның көбі елге мүгедек боп оралып жатты. Енді біреулері майданнан оралмай, опат боп жатты. Ал белгісіз боп, із-түзсіз жоғалып кеткендер қаншама... Соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының батыс аудандарындағы көптеген өнеркәсіптік өндірістер көшірілді.Ауыр машина жасау зауыттары, сондай-ақ тоқыма, мақта мата, аяқкиім фабрикалары Қазақстан жерінде өнім беріп, майдан қажетін өтеуге кіріседі.
Соғыс жылдарында Қазақстанда еңбек өнімділігі екі есеге артады. Тіпті кей адамдар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден рекордтар орната бастады. Мысалы Ыбырай Жақаев күріш өсіруден, Шығанақ Берсиев тары өндіруден, Жазылбек Қуанышбаев мал төлдерін өсіруден рекордтар жаңартты. Елде қалған, тылда жұмыс істеп жүрген балалар, қарттар мен әйелдер «Бәрі де майдан үшін!» деп ұрандатып жүріп, еңбек етті. Өздері аш болса да, майдандағылардың қамын жасап, соларға азық-түлік жіберумен болады. Соғыс жылдарында ел қатты жүдесе де, қиналса да, жеңіске өздерінің ерен еңбектерімен, атсалысып жүріп жетеді.
КСРО-ның, ҚАЗАҚСТАННЫҢ батырлары. Ұлы Отан соғысында небір батырлар ерлік көрсетті.
Полковник Ғани Сафиулин басқарған 73-гвардиялық дивизиясының өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды. Сталинград майданында шайқасқан 29- және Алматының 38-атқыштар дивизияларының даңқы шықты. Олардың екеуі де кейін 72- және 73- гвардиялық дивизияларға айналды.
300 фашистің тегеурініне 11 қаһарман төтеп берді. Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың он бір батырының төбесі» деп аталды. Дон мен Еділ жағасында жаяу топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қазақстандық подполковник Т. С. Позолотин басқарған 17гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті.
Мыңдаған қазақстандықтар Украинаны, Беларусьті, Балтық бойы елдерін, Молдованы азат ету жолындағы ұрыстарға қатысты. Сталинград қорғанысының батыры, екі Даңқ орденінің иегері І. Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қойгелді Аухадиевте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ол ұрыс кезінде фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін «Фердинанд» зеңбірегін, оқ-дәрі тиеген 3 автомашинасын жойды, Днепрден алғашқылардың бірі болып өтіп, қарсы шабуылға шыққан жаудың жолын бөгейді. Днепр үшін болған күрестерде 18 жасар Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас Кеңес Одағынын Батыры атанды.
1945 жылғы 16 сәуірде кенес артиллериясының қуатты үні Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең ірі операциялардың бірі-Берлин операциясының басталғанын паш етті. 2 мамырда Кеңес армиясы Германияның астанасы Берлинді толық билігіне алды. Берлин операциясына қатысқан Кеңес жауынгерлерімен қоса, қазақстандықтар да ерлікпен шайқасты.
Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға И.Я.Съянов, Х.Қайдауов, З.Тұрарбеков, Т.Бегелдинов, т.б. атақты жерлестеріміз қатысты. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып алқызыл Жеңіс туын қадады. Орал өңірінен келген жас офицерлер Қ.Мәденов пен Р.Қараманов 1008атқыштар полкінің туын Берлин ратушасының төбесіне тікті. Берлинге шабуыл жасауға «Қазақстан комсомолы» танк тізбегінің 3 танкісі қатысты.
1945-жылдың 9-мамырынба Ұлы Отан соғысы аяқталды. Бүкіл Кеңес әскері 4 жыл бойы армандаған жеңіс туы тігілді. Қаншама адам асығып үйлеріне қайтып жатты. Елде қалғандар мәз-мейрам боп, Жеңіс күнін атап өтіп жатты.
...Бірақ қаншама жыл өтсе де соғыс жарасы әлі ұмытылған жоқ. Соғыс қаншама адамның өмірін қиды. Қаншама адам тұтқынға түсті, қаншама адам жоғалып кетті... Сол бұрын майдан даласы болған жерлерден әлі де белгісіз адамдардың сүйектері табылып жатыр...
Мен енді мұндай соғыс болмаса екен деймін. Адамзат тарихында екі дүниежүзілік соғыс болды. Үшіншісі болмағанын тілеймін.
Менің ойымша, Фашистік Германияның жеңілуіне тым асығыс қабылданған шешім, және Гитлердің о баста құрған «Барбаросса» жоспарының мерзімі қысқа (8-10 апта) болуы себеп. Соған сәйкес, азық-түлік қорын да аз қамтығандықтан деп ойлаймын. Әрине, бұл Жеңіске аталарымыздың қосқан үлесі де өте көп.
Бізге осы күнді сыйлаған ардагер аталарыма мың тағзым!!!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?