Жақсылық жеңген Ұлы күн

 Жақсылық жеңген Ұлы күн

Тоқбаева Ақнұр
9 сынып оқушысы №175 «Жаңа Ғасыр» гимназия Алматы қаласы
Жетекшісі: Қойгельдинова Жазира

Ұлы жеңіс... Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз. Әрбір қазақ жеңістің қандай қиындықпен, қандай күш-жүгерімен келгендігін жастайынан сезініп білген. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты.
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген ой. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз! Сондықтан оларда қорғау біздің борышымыз.
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың ерлігі. Біздің парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау!
Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.
Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мереке – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық! Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн!
Ендеше, бейбіт көк аспанды кейінгі ұрпақ үшін киелі болсын деп қанмайданға аттанған жауынгер аталарымызға кезек берсек. Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Соғысқа қатысушылар ерлігі еш ұмытылмас. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. Жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болды. Соғыстың соңғы күндерінде де Қазақстаннан шыққан жауынгерлер алдыңғы шепте болған. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев та бәрінің есінде қалды.
Брест қамалын қорғаушылар арасында шекарашылар – Қ.Абдрахманов, В.Лобанов, атқыш Қ.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, минометші В.Фурсов, зеңбірекші Ғ.Жұматов болған. Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Сааремаа аралы, Мурманск, Одесса және Севастополь қалалары үшін болған шайқастарға қатысқан.
Сондай-ақ Қазақстаннан майданға аттанғандардың ішінде партизандық күреске белсенді араласқандары да бар. Тек Ленинград облысындағы партизандық қозғалыстың өзінде 220 қазақстандық болған.Ұлы Отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының батыры алса, оның 497-і қазақстандық болған. Қазақстандықтар ішінен Кеңес Одағы батыры атағын ең бірінші болып 19-шы танк дивизиясының генерал-майоры К.А.Семенченко алды. Батыр атағын екі мәрте алған 4 қазақстандық бар. Олар: Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағамбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, кавалерист М.Қатаев, сапер П.Гончар, торпедалы кеменің командирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар бар. Лейтенант Р.Қошқарбаев, Б. Чупрета, взвод командирі К.Метов, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Вицько, К.Волочев және т.б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған.
Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында көптеген азаматтар қаза болды. Бірақ олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақ бағалауда. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен азаматтарға мың да бір алғыс. Ұлы жеңіс кейінгі ұрпаққа аманат!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?