Ерлік есте сақталады

 Ерлік есте сақталады

Советова Айгерім
7-сынып оқушысы «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия»КММ Алматы қаласы
Жетекшісі : Жаксымбетова Алма Алимбаевна

Алғашқы күннен бастап, 1945 жылдың мамыр айы бұрын-соңды болмаған нұрын төкті. Ел-жұрт табиғат шуағына шомылды. Нұрына бөленді. Адамдар бетінен күлкі, жайдарылық, жылылық сезілді. Өйткені, «Қызыл армия Берлинге кірді» деген хабар лезде тарады. Сондықтан 1417 күнге созылған қанды қырғынның жеңіспен аяқталар сәтін ақ шашты ана да, белі бүгілген қарт та, майданда қанды белшесінен кешкен жауынгерлер де, олардың елде қалған балалары мен іні-қарындастары да, екі көзі төрт болып күткен арулары да аңсады, армандап асыға күтті. Сол күн туды. 9 мамыр мейрам деп жарияланды. Жеңіс күні деп бүкіл әлемге паш етті. Халық сол хабарды естіген сәттен бастап, бұған дейін тұла бойыңды тітіреткен «соғыс» деген улы жыландай суық сөзден мәңгілік құтылғандай сезінді. Неміс басқыншылары басынан бақайшағына дейін қарулы болғанымен, Кеңес мемлекетінің жалаңаш қызыл қаруы – патриоттық ұлы рухы оған тайсалмай қарсы шықты. Миллиондаған денелер майдан далаларында туралып жатса да, өрттей өршеленіп екінші бір толқын бой көтеріп жатты. Соғыс комбайны қарттан емшектегі балаға дейін қомағайланып жұтып жатты. Соғыс мынау орыс, мынау хохол, мынау қазақ деп ұлтқа бөлген жоқ. Алып майданда сан қилы ұлт өкілдері қол ұстасып, қоян-қолтық соғысқа қарсы соғысты. Қарттардың, сәбилердің қынадай қырылуы олардың кеуделерінде кек отын тұтандырды.
Соғысты, фашизмді олар жек көрді. Міне, осы кек, жек көру сезімі алапат күшке айналып жеңіске әкелді. Бұл Кеңес мемлекетіндегі жүздеген ұлттың ортақ жеңісі еді. 9 мамыр-сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күніәділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күні-бүгінгі ұрпақтың ардагерлер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн... Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні. Жеңіс күні-адамзат тарихындағы ең қуанышты күндердің бірі. Бұл күні қуанамыз да қайғырамыз, күрсінеміз де мақтанамыз. Қуанатынымыз-бұл күн баршаны бақытқа бөледі, күллі жұртшылық болып Ұлы Отан соғысының құрбандары мен ардагерлердің ерен ерлігіне бас иді. Қайғыратынымыз-осы қырғын соғыста жиырма миллион азаматымыздан айрылдық. Күрсінетініміз-атасы мен әкесі, ағайын туысы Отан соғысының өртіне шарпылмаған шаңырақ бар ма? Мақтанатынымыз-күйзелген көңілдер, жүдеген жандар Ұлы Жеңістен жұбаныш, қуаныш тапты.
Елі үшін жанын қиған,
Ерлер есте сақталады.
Жас жүрекке жалын құйған,
Ерлік есте сақталады.
1945 жылы Жеңіс туын желбіретіп жеткен ардагерлеріміздің де көбі бүгінде ортамызда жоқ. Олардың қан майдан кешкен ерлігін, тылдағы қажырлы еңбегін бүгінгі ұрпақ ұмытпақ емес.
Аш тарихтың есігін,
Бәрінің де еске алып есімін
Еске алайық ерлігін,
Өлілерге тағзым-парыз,
Ұсынайық жыр гүлін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?