Батырдың аты өлмейді

 Батырдың аты өлмейді

Бекен Нұрасыл
2 сынып Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп- гимназия
Ақсу ауданы
Жетекшісі: Данабатырова Н.И

Менің туып – өскен жерімде қаншама батырлар есімдері үлкен құрметпен аталып жатады. Өйткені, батырлар есімі ешқашан атаусыз қалмақ емес. Осындай батырларымыздың аттарын кейінгі жас жеткіншектер ұмытпай, өз еліміздің патриоты болып тәрбиеленуі үшін айтыла бермек. Солардың бірі гвардияшы – панфиловшылардың бірі, Кеңес Одағының Батыры Нұрсұлтан Есеболатов атаның есімін, ерлігін ерекше атағым келеді. Нұрсұлтан атаның 2013 жылы 100 жасқа келген тойы сол туған ауылында аталып өтті. Ал биылғы жылы Ұлы Отан соғысына 71 жыл болмақ. Небәрі, 27 жасында соғысқа аттаңған жас жігіт елі, жері үшін жанын қиып, соғыста қаза болды. Артында жылаған анасы, бауырлары, жерлестері қалды. Ол кісі қайтып келген жоқ. Бірақ, Нұрсұлтан атаның атында ауыл, көше, мектеп бар. Сол ауылда, аудан орталығында батырға арналған ескерткіш пен мұражай бар. Жылда 9 мамыр Жеңіс күнінде ескерткішке барып оқушылартағзым етеді, гүл шоқтарын қояды.
1418 күнге созылған бұл соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін қасық қаны қалғанша , көкіректерінен жаны шыққанша қазақ халқы да өз үлестерін қосты. Қазақ жауынгерлері Брест қамалынан бастап ,Берлинге дейін барды. Қайран ерлер Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде ,Ленинград пен Москва үшін болған шайқастарда көзсіз ерлік көрсетті.Көптеген елді мекендерді азат етті. Олар одақтастарымыз Польша, Румыния, Чехославакия Болгария, Германия жерінде орақ пен балға бейнеленген қып-қызыл туды желбіретіп өтті. Тек қана қазақстаннның өзінен соғысқа бір миллион екі жүз мыңнан астам адам шақырылды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған Кеңес одағының бас көтерер азаматтары өз Отанын қорғауға аттанды. Алғашқылардың бірі болып Наумов бастаған 312-атқыштар дивизиясы ,генерал-майор Панфилов бастаған 316- дивизия Коротков бастаған 238атқыштар дивизиясы ,Мәскеу үшін болған шайқаста көзсіз ерлік көрсетті.Олар: Бауыржан Момышұлы,Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рашид Жанғозин,Т. Елебековтар «Бәрі де Отан үшін !Бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен қасық қаны қалғанша қасиетті Отанын қорғады. Елім деп еңіреген ер жүрек азаматтар мен қыздардың өздері сұранып, майдан –ның алғы шебіне аттанды.
Қазақ қыздарының ерлігінің символы болған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерлігін ұрпақтары әлі ән қылып айтып жүр, әлі де айта бермек. Гитлер Совет халқын оп-оңай жаулап аламын деп ойлап, қатты қателесті. Жеңіске жету үшін ата-әжелеріміз өздерінің қасық қаны қалғанша күресетіндерін ойламаған да болар.Тіпті тұтқынға түскендердің өздері де өз елін ,намысын ,ұрпақтарының келешегі үшін жандарын қиды, олардың көкіректеріне немістің крестерін басып ,күйдіріп, дарға асып ,пеште көздерінше тұтқындарды өртеп жатқанда да міз бақпай ,түбінде жеңіске жететіндігіне сеніп,сұм ажалды қасқая қарсы алды. Тек қана Ленинград үшін шайқас үш жылдан астам уақытқа созылды.Жаудың қоршауында қалған батыр қалаға қазақстаннан қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар, жылы киімдер ,аяқ киімдер мен азық-түлік тиелген көптеген эшелондар жөнелтілді. №310,314-атқыштар дивизиясы ерекше ерлікпен көзге түсті.
Соғыстың басынан аяғына дейін ерлік көрсеткені үшін қазақстанда жасақталған 12 дивизияға құрметті атақ берілді.Дивизияда ерлік көрсеткен батырлар әр түрлі ордендермен марапатталды. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін жүзден астам қазақстандықтар орден және медальдармен марапатталды. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды.Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова мен Талғат Бигелдинов бастаған төрт ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алды.
Бұл атақ Бауыржан Момышұлы атамызға ол өмірден озған соң ғана берілді. Жау Москваға таяп қалды.Сол кездегі еліміздің жүрегі болған Москва үшін шайқаста отандастарымыз бен бірге біздің еліміздің азаматтары да ерен ерліктерімен ерекшеленді. Москвағаға аз-ақ қалғанда немістер жеңіліс тапты. Немістер елді жаулап алмақ түгілі ,енді өз қара бастарын алып қашып, шегіне бастады.Жауды тықсыра қуған батырларымыз немістерді өз елдеріне дейін шегіндірді.Өз Отанына деген махаббат пен ыстық ықылас, намыс , ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті сезінген батырларымыз жауды тықсырта қуып, ең соңғы ұясы Рейхстагға дейін шегіндіріп апарып ,бір-ақ талқандады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?