Тарихи Ұлы Жеңіс

 Тарихи Ұлы Жеңіс

Амангелді Елнар
9 сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы ОМГ Ақсу ауданы
Жетекшісі: Заманова А.Б.

Менің атам Айтбаев Амантай қазіргі таңда зейнеткерлікте, еңбек ардагері, кезінде жас жеткіншек ұрпаққа әскери даярлық пәнінен ұстаздық еткен ұлағатты ұстаз, парасатты педагог болған. Атам маған туған жеріміздің тарихына байланысты көптеген тарихи әңгімелер айтады. Кей кездері Қазақстан тарихына байланысты да сұрақтар қойғанымда, терең ойлана отырып, пайымдап жауап береді. Міне, биыл да тарихымызда болып өткен Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, аяқталғанына 71 жыл толыпты. Менің шығарма жазуыма себеп болған атамның әңгімесі осылай басталған еді:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Диктордың үні салмақты, әрі сұсты шықты. Күллі әлем құлақ түріп, қалт тына қалды. Сәл үнсіздіктен соң диктор сөзін қайта жалғады. Соғыс басталды. Неміс фашистері Кеңес Одағының шекарасына опасыздықпен басып кірді. Бұл 1941 жылғы маусым айының 22-сі еді. Еуропаның тең жарымнан астам елін қанды табанмен таптап, дандайсып, қаруланған неміс фашистер армиясы біздің елімізге тұтқиылдан баса-көктеп, кіріп кетті. Сол бойда олар таңғы тәтті ұйқы құшағынан оянып үлгермеген шекаралық елді мекендерді бомбалап,оқтың астына алды.
Фашистер шабуылдың алғашқы сәтінде-ақ қалалар мен селоларды аяусыз қиратып, өртеп, бүлдіріп, жазықсыз адамдарды қатыгездікпен азаптап, ішке қарай сұғынып кіре берді. Дүние жүзінде тұңғыш Социалистік ел атанып, бостандық алған Отанымыздың тағдыры қыл үстінде тұрды. Ер азаматтарымыз амалсыз қолдарына қару алып, туған елін қасық қаны қалғанша жаудан қорғауға бекем бел буды. Өйткені, елдің – елдігін, жарқын болашақтың тағдырын шешер сындарлы шақ туған еді. Қаһарланған халқымыз айбаттанып, опырып - жапырып келген озбыр жаудың аяусыз қылығынан сасқан жоқ. Қайта етекжеңін тез жинап, жұдырықтай жұмылып, ынтымақтастықпен бірігіп, туған елдің туын көтеріп, сапқа тұрды. Әскери комиссариатқа халық ағылып, келіп жатты. Алғашқы күннің өзінде өз еріктерімен майданға баруға тілек білдірушілердің ішінде біздің Ақсу ауданының көптеген ұландары болды. 1941 жылы Алматыда Генерал майор Панфиловтың басшылығымен 316 –шы атқыштар дивизиясы құрылды. Осы дивизия құрамындағы біздің жерлестеріміз Отанымыздың тарихына асқан ерлікпен батырлықтың қайталанбас даңқын жазып қалдырды. Дубасеков разъезі түбінде неміс басқыншылары біздің қорғаныс шебімізді басып өтті. Осы разъездің түбінде тұрған Клочков бастаған 28 – Панфиловшы жауынгер қаптап келе жатқан жау танкісін күтіп тұрды. Сол кезде политрук Клочков қарулас достарына : «Россия ұлан – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва. Атыңдар!» - деп ұран тастады. Мұздай қаруланған фашистердің арам ойы іске аспай, ажал оғын құшты. Ерлікпен, жауға деген өшпенділік кегін оқпен отқып атқан 22 батырымыз қаза тауып, бесеуі қатты жараланды. Клочковтың өзі де ерлікпен қаза тапты. Осы 28 – дің ішінде біздің жерлесіміз Нұрсұлтан Есеболатов та бар еді. Біз әрқашан да батыр атамыздың рухына бата жасап, батырлығын үлгі тұтамыз. Отқа оранған 1941 – 1945 жылдарда кең байтақ қазақ жерінен желкілдеген жас ұлан, қолына қару ұстай алатын азаматтар Отанға төнген қауіпті сейілтуге, керек десе өмірін, елі – жұрты үшін жанын қиюға даяр боздақтар майданға аттанды. Солардың ішінде Ақсу ауданынанда талай жастар бар еді. Осы боздақтардың қатарында болған өзіме өмірі өнеге жан - атамның әкесі Айтбай, бауыры Жұмағали, қазіргі таңда көзі тірі Мейірманов Қапыш, Байдилдинов Базарбай, Рысбеков Ермұхан аталарымызды мақтан тұтамыз» – деп атам өз сөзін аяқтады. Ия, Ұлы Отан соғысында Отаны үшін қасық қаны қалғанша туған елін, жерін қорғаған жауынгерлерді ұмыту мүмкін емес.
Оларды ұмытуға болмайды. Біздің болашағымыз үшін жастығын сарп еткен. Сондықтан да олардың өлісін де, тірісін де қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Арадагерлеріміз бен аға ұрпақ өкілдерінің еңбегін айтып жеткізу өте қиын. Олардың жастық шақтары Ұлы Отан соғысының сұрапыл кезеңімен қатар келді, олар бүлінген шаруашылықтарды қалпына келтіруде өздерінің күш жігерін салды. Иықтарына түскен ауыртпалықтардың бәрін аянбай абыроймен жеңе білді.
Ұлы Отан соғысының, кешегі естен шықпастай болған сол бір кез, күн демей, түн демей жаумен жағаласқан бір мың елу бір тәулік ешқашан ұмытылмақ емес. Халқымыздың ашық аспан астында бейбіт еңбек етіп, бақытты, алаңсыз өмір құрғанына да 71 жыл, тәуелсіз ел атанғанымызға да 25 жыл.
Осы бақытты өміріміз үшін өз үлесін қосып Отан үшін жастығын, өмірін құрбан еткен, аталарымыз бен апаларымызға, сын сағатында сүрінбей өткен біздерді осындай бақытты заманға жеткізгендері үшін мыңда бір алғысымызды айтамыз. Аманатқа қиянат етпей келер ұрпаққа ерліктерін кірлетпей жеткізу біздің парызымыз. Еліміздің әр сүйем жері үшін жанын сала жаумен майдандасқан жандарға деген сүйіспеншілігім одан арта түсті.
Өмірде адам сан жылайды, сан күліп,
Жақсылығы, асылдығы танылып.
Ардақты жар, асыл әке, әз баба
Ойымызда тұлғаң тұрар мәңгілік – деп шығармамды аяқтаймын. Тарихта болған Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құтты болсын!.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?