Ұлы соғыс жаңғырығы өшпейді

 Ұлы соғыс жаңғырығы өшпейді

Тобыш Жансая
11 класс, №3 Қарауылкелді орта мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Жетекші: Тынышбаева Лиза Жакиповна

Халық ерлігі қай қоғамда, қай идеология кезінде болмасын өшпейді де өлмейді, ол адам баласының жадында ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, өзінің жалғасын таба бермек. Бұған дәлел ретінде адам қоғамында ерте заманнан бері орын алып отырған саналуан соғыстар тарихына жүгінсек жетіп жатыр. Адамзат тарихында үлкенді – кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі – Ұлы Отан соғысы болды. Соғыста жеңіске жетуде миллиондаған Кеңес Одағы адамдарының тағдырлары мен өмірлері құрбан болды. Осы уақытқа дейін жабық саналып келген мұрағат қорларындағы құжаттарды пайдалануға және әскери саладағы құпиялардың ашылуына байланысты соғысқа қатысқан адамдардың саны, қазақстандықтардың ортақ жеңіске қосқан үлесі анықтала бастады. Қазақстандықтардың үлесі әскери құрылымдарды құру, оқ-дәрі жасау, эвакуацияланғандарға көмек көрсету, қаражат жинау, майдандағыларды киімкешекпен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Жеңіске жетудің бірінші қадамы Қызыл Армияны дер кезінде адамдармен толықтырылып отыру болғаны белгілі. 1945 жылдың ақпан айына дейін Қазақстаннан майданға 1,5 млн. жуық адам жіберілген деп саналды. Алайда, жоғарыда аталған сандар нақты емес, ол бүгінгі күнге дейін жаңа мәліметтермен толығу үстінде. Мысалы, Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы айтылғанда әр уақытта Кеңестік Армия қатарын 1938, 1939, 1940 жылдары шақырылғандарды есепке ала бермейді. Жалпы алғанда Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны 2 млннан кем емес деп жорамалданады. Қазақстаннан майданға 4 ұлттық атты дивизия, 7 атқыштар бригадасы, сондай-ақ 2 ұлттық атқыштар бригадасы жөнелтілген еді, 50-ге жуық әртүрлі әскери полктер мен батальондар құрылды.
Майданда гвардиялық атаққа ие болған 5 әскери құрама сәтті ұрыстар жүргізді, ұлттық әскерлер құрылып, майданға аттандырылды. Атап айтқанда олар Өскемен қаласында, Жамбылда және Ақмолада құрылған атты әскерлер болса, Алматы және Ақтөбеде жекелеген атқыштар бригадалары ұйымдастырылды. Барлығы Қазвоенкоматтан соғыс жылдары майданға 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 7 бригада, 1 зенит полкі, 12 құрылыс және 2 автобатальон аттандырылды. Қазіргі кезде Ладога өзені арқылы Ленинградқа жүк тасымалдаған жүргізушілердің жартысын қазақстандықтар болды деген деректер бар. Қазақстан соғыс өнімдерін соғыс жылдары жаппай тәртіппен КСРО – ның батыстағы эвокуацияланған облыстарының 19 қорғаныс заводтарының есебінен өндірді. Мұның барлығы Қазақстан соғыс жылдары шын мәнінде майдан арсеналы болғанын айғақтайды. 1941 маусымнан қарашаға дейін Қазақстанға зауыттар мен ондаған мың жұмысшылар және олардың отбасылары, майдан шебінде қалған өлкелер мен облыстардың халықтары эвакуацияланды, олар қазақстандықтар мен бірге майданның қуатты арсеналын қалыптастырды. Жеңіс өте қымбатқа түсті. Шайқас алаңында, өлім лагерлерінде, жаулап алған аумақтар қоршауда қалған Ленинградта, жау тылында 30 миллионға жуық кеңес адамдары қаза тапты.
Елдің ұлттық байлығының үштен бірі жойылды. Кеңес одағының халқы соғыстың негізгі ауыртпалығын өз иықтарымен көтеріп, гитлерлік Германияны талқандауда шешуші роль атқарды. Халықтар достығы, отаншылдық, Отанға деген өлшеусіз махаббат, аға ұрпақтың ерлігі мен батырлығы тәрізді ұлы әлеуметтік факторларды ешуақытта естен шығаруға болмайды. Фашистік Германия мен оның одақтастарын жеңу халықтың бірлігі, майдан мен тылдың бірлігі, ұрыс даласындағы жаппай қаһармандық пен халықтың еңбектегі ерлігі арқасында мүмкін болды. Герман фашизімінің талқандалуы дүниежүзілік көлемде аса зор, аса терең әлеуметтік- саяси өзгерістерге қол жеткізді, сонымен қатар ол нағыз революцияшыл иделогияның нацистердің жалмауыздық идеологиясының күйрете жеңуінің салтанаты болды. Отан соғысы Кеңестер құрамындағы сан ұлт өкілдерінің топтасқан теңдесі жоқ рухани күшін әлемге паш етті. Кеңес Одағының барлық халықтары басқыншыларға қарсы қасиетті соғысқа бір адамдай көтерілді. Өлімнің аузына мың рет барып, мың рет ажалдың бетіне тура қараған, өз Отаны үшін, Жеңіс үшін талай ұлы құрбандықтар берген осынау қайсар да қарапайым ерлердің есімін ұмыттырмау үшін суреткерлеріміз бен тарихшыларымыз музыка әуенінің ең үндісін, бояудың ең ашық түрін, сөздің ең асылын іздеп таба білер деген үміттеміз. Отанымыздың азаттығы мен тәуелсіздігінің өтеуіне өз өмірлерін қия отырып, хас батырлық пен батылдықтың арқасына өз халқына, өз жеріне қызмет етудің үлгісін көрсеткендер ешқашан ұмытылмайды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігі ерекше маңызды. Ол Кеңес елінің әрбір қарапайым азаматының бойында ірі ерлік барлығын көрсетеді. Біздің елде сана- сезім деген жеке топтардың ғана қолы жеткен іс емес, жаппай халықтық қасиет екенін дәлелдейді. Ел шетіне жау тиіп, халық өмірінің қаймағы бұзылса ер азамат жай жата ала ма? Ер етігімен су кешіп ғана қойған жоқ, ер толарсақтан саз кешті, саз аралас қан кешті, шыбын жанын пида етті. Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысының жаңғырығы алыстап барады. Бірақ халқымыздың тарихында елі үшін жанын аямаған, Ұлы Жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерлігі біздің жүрегімізде және келер ұрпақтың есінде мәңгі қалмақ. От жалынға оранған соғыс жылдарындағы майдангерлердің жанқиярлық батырлығы мен батылдығы ұрпақ үшін өшпес өнеге. Туған халқының мақтанышына айналған даңқты батырлар жайлы естеліктерді мейірімді елі қола, гранит, мәрмәр ескерткіштерде, мемориалдық тақталарда жазып есте сақтаса, жас ұрпақ санасында сақтап, болашаққа жеткізеді.
Жеңіс күні біздер үшін- орны толмас жан азабы мен көз жасы, солардың орнын баса келген, бәрімізді біріктірген адами қуаныш мерекесі. Бұл күндері біз сіздермен бірге қазіргі сәтте қатарда жоқ, болашақ үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске аламыз. Жердегі тіршілік пен бейбітшілік күні үшін қарапайым жауынгер күреспен, соның жемісін татып отырған халық барда олардың жарқын бейнесі ұмытылмайды және ұмытылмақ емес. Ер есімі қашанда ел есінде. Біз әрқашан Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін болады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?