Күркіреп өткен бір соғыс
Наурзалина Дана Оңғар
негізгі мектебі, 9-класс Ақтөбе облысы,
Хромтау ауданы, Оңғар ауылы
Жетекші: Зинет Гүлден Бауыржанқызы
негізгі мектебі, 9-класс Ақтөбе облысы,
Хромтау ауданы, Оңғар ауылы
Жетекші: Зинет Гүлден Бауыржанқызы
Бiздiң жүрегiмiз темiр емес.
Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады.
Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк
Бауыржан Момышұлы
Соғыс... Қандай қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ шығар. Бұл оқиға адам баласы үшін ауыр, азапты күндерге айналды. 2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 75 жыл толмақ. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Өзім соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласы, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейірімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді. Сол бір қиын заманда өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады.
Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi берілдi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген үлкен құрмет!
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 жылдан бастап Ленинград Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыған. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай 1942 жылы ЖұмысшыШаруа Қызыл Әскері майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған.Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапқан. Қазіргі таңда Ақтөбе облысында Әлия әпкемізге арналған мұражай жұмыс жасайды. Әпкемізге арнап қойылған көптеген ескерткіштер және атына берілген көшелер өте көп. Бұл Әлия Молдағұловаға деген халықтың зор құрмет екендігін білдіреді. Жеңіс! Қандай кең мағыналы сөз. «Жеңіс» сөзі бүкіл халыққа бейбіт өмір әкелді, елге тыныштық оралды. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.
Жеңіс мәңгі жасасын. Міне, ХХI ғасырда біз кешегі соғыс тақырыбын осылайша сағынышқа орап, тек қана аңсау сезімімен баян етіп отырмыз. Өйткені, ол күндердің елесі бүгін жүрек сыздатар ауыр ойларға жетелеп қана қоймайды, сонымен бірге, көңіл толқытар кермек сағынышты да молынан кеудеге құя түседі. Сондықтан қанмен,термен,жаспен келген жеңіс – ең ұлы жеңіс, киелі жеңіс, қадірлі жеңіс.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?