Айдос Есмағамбетов
Айдос Есмағамбетов – гиперреалист-мүсінш
Айдостың өнерге деген талпынысы бала кезінен байқалған. Оның ата-анасы да өте талантты жандар. Әкесі сурет салып, мүсіндер жасаса, анасы кесте тоқиды. Кестесі инемен емес, қылқаламмен салынғандай. Айдос Арқалық қаласының тумасы. Кәсіби білімді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институында «Бейнелеу өнері мен сызу» мамандығы бойынша алған. Силикон мүсін жасау Айдостың бұрын-соңды ойында болмаған. Ол тек көптің қолынан келе бермейтін дүниелерді жасауға ұмтылады.
– Мүсін жасау идеясы Мадам Тюссо музейінен кейін туындады. Әзірге, ондай орындарды аралап көргем жоқ. Бірде теледидардан Обаманың жаңа силикон мүсініне көзім түсіп кетті. Содан «Неге біздің Қазақстанда жасап көрмеске?», «Неге отандастарым ондай мүсіндерді шетел асып қана көруі керек?» деген сауалдар туындай бастады, - дейді мүсінші.
Айдос бұрынырақ силиконнан аквариумдар жасағанын айтады. Оның жұмсақтығы, нәзіктігі жігіттің тағы бір қырын ашып жібергендей. Оған дейін саз-балшық пен гипстен кішігірім әр түрлі мүсіндер жасап жүрген ол осы материалға ден қоя бастайды. Беташар жұмысы Елбасы Н.Назарбаевқа арналған. Одан кейін, Абылай ханның мүсінін жасайды. Оны жасау идеясын Президенттің мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков ұсыныпты.
Айдос керек материалдарды арнайы АҚШ-тан алдырады. Оның құны да әжептеуір. Әзірше, оның өнерінің демеушісі өзі. Айдостың қос туындысы (Н.Назарбаев пен Абылай хан силиконды мүсіні) 2011 жылы дайын болған.
– Менің жұмыстарым Мадам Тюссодағы фигуралардан ерекшеленеді. Оларда толық бір команда жұмыс жасайды. Сосын жасалуы жоспарланған мүсіннің иесін арнайы шақыртады. Ал мен жалғыз өзім кірісемін. Сол сияқты тек фотографиясы арқылы ғана әзірлеп шығамын. Бір мүсінді толық аяқтау үшін шамамен 4-5 айдан бір жылға дейінгі уақытым кетеді. Оның әр тал шашын жеке-жеке қоямын. Шыдамды талап ететін жұмыс, - дейді Айдос.
Қазір Геннадий Головкиннің мүсінін жасау үстінде. Талантты жігіттің алға қойған жоспарлары жетерлік. Тек уақыт пен мүмкіндік болса болғаны... Айдос силиконды мүсінмен айналысатын еліміздегі бірлі-екілі мүсіншілердің бірі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?