Қайрат Майышев
Қайрат Майышев – «Жас Қанат 2006» құс фабрикасының директоры
Қайрат Майышев 1998 -2001 жылдар аралығында «Дәулет M» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2001- 2006 жылдар аралығында – «Алтын Дән Күз» ЖШС директоры болды. 2006 жылдан бүгінге дейін - «Жас Қанат 2006» ЖШС директоры. 2006 жылы «Жас Қанат
2006» кәсіпорнын сатып алып, Рудный қаласында құс фабрикасын құру туралы шешім қабылдады.
2007 -2016 жылдар аралығында «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасы жаңарудың үш кезеңін өткерді. 2007 жылдан 2016 жылға дейін кәсіпорынның өнімділігі 2857%-ға артты. Ал құстар саны – 2857 %-ға артты. Осы уақыт аралығында кәсіпорын жаңа жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталды, жаңа ғимараттар, қоймалар, дүкендер салынды, бұл сапалы, экологиялық таза өнім - тауық жұмыртқасын өндіруге және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Жас-Қанат 2006» ЖШС кәсіпорнынан 2007 жылдан бері 249 жұмыс орны құрылды. «Жас-Қанат 2006» ЖШС жыл сайын әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасына қатысады. Кәсіпорын жергілікті өндірушілерді де қолдап келеді. «Жас Қанат 2006» ЖШС-нің нарықтық экономикадағы дамуы – мемлекеттік қолдаудың, бизнесті дамытудың жаңа инновациялық тәсілдерін дұрыс қолдану мен маркетингтік стратегияны оңтайлы қолданудың арқасында мүмкін болды.
Кәсіпорын құру мақсатында директор К.А.Майышев үлкен тәуекелге баруды қажет ететін несие бағдарламаларына қатысуға шешім қабылдай білді.
2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін К.А. Майышев «Нұр Отан» ХДП мүшесі, сондай-ақ Қазақстанның құс өсірушілер одағының мүшесі болып табылады. 2016 жылдан бастап - Қостанай облыстық мәслихатының депутаты. Мақсаты: Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру, өндіріс қарқынын дамыту және өсіру, құс фабрикасы саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?