Шоқан Уәлихан (1995 жылы 13 шілде)

 Шоқан Уәлихан (1995 жылы 13 шілде)

Шоқан Уәлихан
“1995 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. Есімімді Шоқан деп әкем қойған. Әкемнің аты – Уәлихан.
Қазақ ырымшыл халық қой. Әкем маған есім таңдағанда Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың ұлы тұлғасы болсын деген шығар. Бірақ маған ешқашан сенің есіміңді әдейі осылай қойдық, Шоқан атаң сияқты ғалым бол деп айтқан емес. Әркімнің өз жолы бар екенін ата-анам да жақсы түсінсе керек”, – дейді жас әнші.
Бала Шоқанның Шоқан Уәлихановпен таныстығы мектеп табалдырығын аттаған сәтте басталыпты. Бірақ Шоқан ұлы тұлға туралы жеке ізденіп, өмірбаянына қызығушылық танытпағанын айтады. Ол ғылымнан гөрі өнер саласына көбірек қызыққан.
Ұлы ғалымның есімі берілгенін ес білгенге дейін түсінбедім. Адамдармен танысқан сәтте аты-жөнімді айтсам, сенімсіздік танытып, “әзілдеп тұрған жоқсың ба?” деп сұрайтын. Мектепте Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлихановтың кім екенін білу міндетті ғой. Бірақ Шоқан Уәлиханов жайлы көп білуге тырыспаппын.
Арманда және амал жаса
Бала күнінде бәрі әнші немесе биші болуды армандайды. Шоқан да солардың бірі еді. Бірақ бұлай армандаған балалардың бәрі мақсатына жете бермейді. “Мақсатқа жету үшін не істеу керек?” деп сұрағанда Шоқан былай жауап берді:
“Әкем өнер саласында жүргеннен кейін мені де өнерге ерте баулыды. Әкем Уәлихан – музыкант, дауылпазшы. Мен де Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінде ұрмалы аспаптар бөлімінде оқыдым. Әкем ешқашан “әнші бол”, “сахнаға шық” деп айтқан емес. Қызығушылық қанда бар ғой. Кішкентай кезімде саусақтарым ойылып, қолым қанап кеткенше гитарада ойнай береді екем. Оны дәкемен орап, қайта жазылған соң қайта ойнайтынмын. Музыкаға деген махаббат осылай басталды.
Үлкен сахнаға алғаш шығуым – халықаралық “Бозторғай” байқауына қатысуым болды. Кейін “МузАРТ live”, “Қазақстан дауысы” жобаларына қатыстым. Өнерлі қатысушылар көп болды. Біреу ерекше дауысымен, биімен, әнімен есте қалды. Осы жобада Мейрамбек Бесбаев ағамыз менің есімімнің ерекше екенін атап айтты. Жас әнші ретінде жылдам танылуыма белгілі бір деңгейде есімім де әсер етті.
Адам баласы өмірге келгенде ата-анасын, есімін, болашағын таңдап алмайды. Барлығы Алланың бұйрығымен болады. Маған осындай ерекше есім бұйырыпты, өнерге жақын отбасында өмірге келіппін, менің әнші болуым да, осы күнге дейін қол жеткізген жетістігім де осы бұйрықтың нәтижесі шығар деп ойлаймын.
Ұстазым Нұржан Керменбаев: “Арманда, амал жаса, Алладан сұра” деген қағиданы үйретті. Барлығы ниетке байланысты. Амалдар да соған қарай жасалады. Бала күнімнен өнер адамы болуды армандадым. Мектеп сахнасында, ауыл клубында ән шырқадым. Барлық адамға 24 сағат уақыт беріледі. Оны қалай жұмсау керегін әркім өзі біледі. Адамның бай немесе кедей болуы, білімді не білімсіз болуы тек өзінің ниетіне байланысты. Әрине, ешкім кедей болсам екен, қайыршы болсам екен деп ниеттенбейді. Сондықтан, тек ниеттену жеткіліксіз. Ниетке қатысты әрекет жасау керек......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?