Рухты Әбіш Кекілбаев!
Автор: Жаймуханова Ақмарал
«Жазушының тілінде де, ділінде де мін жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезімтал, бәйгенің алдынан ғана келетін тұлпарларға ұқсатам мен Әбішті. Ал аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейісов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгі жанатын жұлдыз»
Тұманбай Молдағалиев
Қазақ дейтін тұғыры биік, қабілетті-қаһарман, тарихы мол халықтың тұлпар тектес тұрқымен, бойында батылдығы басым, рухты азаматтары қашан да болмасын тек елі үшін еңбек ететінін сонау тарих беттерінен білеміз. Сол ұлы тұлғалардың қатарына, әңгімеме арқау болған Әбіш Кекілбаевты зор мақтанышпен жатқызған болар едім. Әңгімемнің әлқиссасы, қазақ әдебиетінің әлем кеңестігіне танылуына зор үлес қосып, даму жолында қажырлы еңбегімен халыққа таныла білген Әбіштің жүріп өткен дара жолы!
Даңқты жазушы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Оңды ауылында жарық дүние есігін ашқан. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған соң, ең алғаш еңбек жолын 1962-1965жж. «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінде әдеби қызметкер болып бастаған болатын. Даму жолында болған Әбіш 1964-1968жж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде репертуалық-редакциялық коллегия мүшесінде қызметін жалғастырды. 1970-1975 жж. «Қазақ фильм» кино студиясында бас редактор, 1975-1984 жж. Қазақстан Компартиясы ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-1986жж .Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, сонымен қатар, 1986-1988 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып жүріп біршама істерді тыңғылықты атқара білді. 1988-1990жж.Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы, Орталық Кеңесі президиумның төрағасы атанып, 1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы ОК бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы(1991), «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы(1992-1993), Қазақстан Республикалық мемлекеттік кеңесшісі (1992-1993), Қазақстан Республикалық Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1994-1995), Қазақстан Республикалық Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы (1996-1996), болып жұмыс істеген. 1996-2002 жж Қазақстан Республикалық мемлекеттік хатшысы, 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикалық Парламенті Сенатының депутаты болды. Балалық арманын мақсатына айналдыра білген жас жазушы ес білгелі толмай еңбектеніп, зор ізденісте болды. Оның нәтижесі Әбіштің шығармаларынан айқын көрініс табады. Әр туындысы "ардан" ғана тұратын қоғам қайраткерінің әрқашанда көңілі-қыран, ойы-барыс, жүрегі-бөрі, биігі-құс биігімен өлшене білді! Сұңғыла елінің ұлт болып қалыптасуына қаламгердің еңбегі мол. Әрбір шығармасы үшін қаншама уақытын сара етіп, айтар астары мен өзіндік мән мағынасына аса қатты көңіл аудара білді. Міне,оның шығармалары осынысымен өзгелерден ерек тұра білді. Тұманбай Молдағалиевтің айтуынша Әбіш-шоқ жұлдыз. Ал жұлдыз бір ғана қасиетімен танылмайды. Әбішті Әбіш еткен оның-жан жақтылығы десем қателеспегенім. Сыншы, публицист, тарихшы, саясаткер, қоғам қайраткері, сонымен қатар орыс, қазақ тілінде еркін сөйлей білетін ерекше адам.Саналы ғұмырында жазушылық қырымен зор құрметке ие болып, биікке шығуы оның өміріндегі ең бір үлкен жетістігі. Қазақ үшін де өзге үшін де Әбіш жазушылық өнерімен қымбат. Және еш ұмытылмайды. Ұмытпаспыз!
Асылында, Әбіш Кекілбаев қасиетті қазақ үшін мол мұра қалдырған ұлы жазушы .Оны бүкіл дүйім мойындайды. Қарымды қаламы арқылы оқырманның жүрек түкпірінен орын алып, рухани азық сыйлап, жаңашылдық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді дәріптей алды. Қаламын қалқан қылғын рухты ер жайлы айтарымыз сірә таусыла қоймас!Ең бастысы ізгілер салып кеткен ұлы жолдан адаспайық!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?