Көз күтімі
Көзіңізге қиқым түссе жоғары кірпігіңізді жайлап көтеріңіз де, көзіңізді оңғасолға, жоғарыға төменге бұрыңыз. Көз жасыңыз қиқымды шығаруға жетпесе, жасанды көз жасын не таза физиологиялық ертіндіні пайдаланыңыз. Кейбіреулер көздің жоғары қабағын сыртқа айналдырады. Кейде осының өзі-ақ көмектеседі.
— Егер сол амалдар көмектеспесе не олар өзіңізге ұнамаса, көзіңізді шайып жіберіңіз. Қолыңызды жақсылап жуып, алақаныңызға жылы су толтырып алып, оған жабық көзіңізді малыңыз да, су астында ашыңыз, барлық артық нәрсе сонда шайылып кетеді.
— Көзіңіз ащыса орамалды суық суға малып алып, мазалаудан арылғанша көзіңізді жабыңыз. Көзіңіз қызарып, аллергиядан қышыса бұл амал өте тиімді. Суық қан тамырларын тарылтады, ал су көзге қажет ылғалмен қамтамасыз етеді.
— Шай салынған қалташаны суық суға батырып алып, жабық көзіңізге 15 минут басыңыз.
— Көзіңіз құрғап кетсе, ауаны ылғалдандыратын құралды қосыңыз. Әсіресе уақытыңыз көп өтетін бөлмеде.
— Көзіңіздің сырты ылғи құрғақ болып, аши берсе, жасанды көз жасын пайдаланыңыз. Консерванты жоғын алыңыз.
— Жеткілікті ұйқтамасаңыз, көзіңіз құрғап, қызарып кетуі әбден мүмкін.
— Көзіңіз құрғап кетсе күнде банан жеңіз. Ол денеде су соратын натрийді теңестіреді.
— Талқанға не жеміс шырынына бір ас қасық зығыр майын қосыңыз. Ол омега 3 майлы қышқылына бай. Көз жасымызда су мен тұздан басқа, шырыш пен май болады. Омега 3 соларға бай. Жаңғақ, суық суда өсетін балық соларға бай.
— Көз құрғай бастаса, қабылдаған дәріңіздің жанама әсері болуы әбден ықтимал. Тексертіңіз.
— Шаңтозаңнан құтылғыңыз келгенде қорғаныстық консерві-көзілдірік киіңіз.
— Хлорлы суы бар бассейнге түссеңіз, су өткізбейтін көзілдірік киіңіз.
— Жылыту жүйесінің іске қосылуынан көз қабыршығының қорғаныш қабатындағы сұйықтық буға айналып кетеді. Сондықтан ара-арасында далаға шығып, күн жылынса бөлмені желдетіп тұрған дұрыс.
— Кітапты жатып оқымаңыз, ол кезде көздің бұлшықетіне көп салмақ түседі, ал бұл өз кезегінде көздің алыстағы заттарды нашар көруіне әкеліп соғады.
— Күн көзінен қорғайтын көзілдіріктер қыста да қажет. Қарға шағылысқан күн сәулесі екі есе қауіпті, және көздің қабыршығын күйдіріп жіберуі де мүмкін.
— Күнде серуендеуге тырысыңыз. Зерттеулер нәтижесінде алыстан нашар көретін адамдардың барлығы дерлік үнемі үйден шықпайтын жандар болды.
— Шылым шегу тек өкпеге ғана зиян емес, сонымен бірге көз ұясындағы сары дақтардың дегенерациялану қаупіне ұшыратады, осы себептен көздің көру қабілеті мүлде нашарлауы мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?