Шығарма (эссе): Абай Құнанбайұлы 175 жылдығы

Шығарма (эссе): Абай Құнанбайұлы 175 жылдығы


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз.

Биыл – ұлы Абайдың 175 жылдығы. Өмірге келген күні 10 тамыз деген дерекке барша жұрт қанық. Бұл күн жыл сайын ел көлемінде аталып өтеді. Ал, Ұлы ақынның өмірден өткен күні көптеген жазба деректерде бесінші шілде деп көрсетіліп жүр.

Біздің есіміздегісі Мұхаңның ұлы шығармасындағы «...Шөл даланы жарып аққан дариядай игілік өмір үзілді. Зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті» - деген жолдар. Тегінде есті қазақтың есінен Абай шығуы мүмкін бе?...


Ғарифолла Есім, академик, абайтанушы:
Абайдың бары бұл – біздің бағымыз. Бұл бізге берілген бақ. Абайымыз болмаса, не істер едік? Осы Абайды жақсы насихаттап берген Мұхтар Әуезов. Ол бүкіл өмірін Абайға арнады. Абайды оқыды, оқыды, сосын «осы қазақтардың жүретін жолы қайсы?»,- деді. Абай көрсеткен жолмен жүруі керек деп, «Абай жолы» роман-эпопеясын жазды. Яғни, қазақтар қай жолмен жүру керек? Абай жолымен жүру керек!

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Данышпан айтқан әр сөздің алдыңнан шығуы заңдылық. «Бар қазақ - бір қазақ», деген идея ұстанған еліміздің саясаты да осыған саяды. Елбасының Абайдың өсиетін, Абайдың жолын елді адастырмас Темірқазық санауы, сәт сайын ғақлия сөздеріне сүйенуі де сондықтан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек.
Тағдыр жоқ қайтқан өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек». Қандай философия?! Бар қазақтың табынары – Абай. Абайдың сөздері, Абайдың жолы, Абайдың өсиеті бәрі көңілімде. Абайдың жолын, істеген ісін біз халқымызға паш етуіміз керек. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Барлық адамзатты бірдей көр, деді.

Абай дүниетанымы - ұлттың руһани игілігі. Асқар Сүлейменовтің айтқаны бар: «Біздің татар балымыз да, ішер уымыз да - Абай болмақ». Демек, Абайды айналып өту мүмкін емес.


Омар Жәлел, абайтанушы:
Абайдың бастау бұлағы ғылымға деген махаббаттан басталады. Абай өзінің 38-ші қарасөзінде «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады», дейді. Өйткені, ғылым-білімге махаббаты оянған ғана адам өзін таниды, Алланы таниды, дүниені таниды,-дейді. Болмаса жоқ, я болмаса шала,-дейді. Абайдың осы сөзіне біз назар аударуымыз керек.

«Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Өмірдің мәні - мәңгілік метафизикалық сұрақтар. Тағы бір тарқатып айтар мәселе толық адам концепциясына қатысты.


Омар Жәлел, абайтанушы:
«Толық адамның үш қасиеті бар» , дейді Абай. Ол әділет, ғылым және рахым. Бүкіл Жер жүзі осыған мұқтаж болып отыр. Неге? Қазір адамзат ғылымы діңінен ажырап қауіп-қатер төндіріп отыр.

Экологиялық катастрофа әкеле жатыр. Абайдың айтып отырғаны адамның ғылымы Құдайға сәйкес болсын дегені, шариғатқа муафих болсын дегені өте өзектілігімен көзге ұрады.

Даңқы бар тұлғаның қасиетіне бас иетін халқы бар. Абай дүниетанымын зерделеу арқылы дүниені тану – парыз. Алайда, данышпанның ойынан өткізгенін бар қазақтың бойына сіңіруі де оңай емес.


Ғарифолла Есім, академик, абайтанушы:
Абайды айтатын болсақ, қоғамдағы кемшіліктер бәрі бетке шығады. Сол кемшіліктерді шығармау үшін, тістен шығармай қалады. Бұл қателік, айту керек. Абай қоғамды тазартушы күш. Абаймен үнемі бірге болуымыз керек.

Абайдың айтқан сөздерін Еуропаның бір ойшылы айтпаған. Абай айтады: «Махаббатпен жаратқан адамзатты». Алла Тағала адамзатты махаббатпен, ыстық мейіріммен жаратқан. Олай болса, «сен де сүй адамзатты, бауырым деп».

«Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, руһына сонша жақындаймыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар.

Бірінші ақынымыз деп қабіріне халқы жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің руһымыз сезер, қуанар»,-деп Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов атамыз жазып кетіпті.

Мәңгілік Ел болуды ниет еткен елмен ұлы Абайдың мәңгілік мұрасы да бірге болары хаһ!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?