Серәлі Қожамқұлов (1896 - 1979)

 Серәлі Қожамқұлов (1896 - 1979)

Серәлі Қожамқұлов (Серке, 5 мамыр 1896, қазіргі Торғай облысы Қарабалық ауданы, 13 ауылы - 31 желтоқсан 1979, Алматы) — актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.
Өмірбаяны
1936 жылында Қазақстанның халық әртісі атағын иеленді.
1976 жылында Социалистік Еңбек Ері (1976).
1913 - 19
1919 жылында қызметте араласып, алдымен Қостанай қаласында Ә.Жангелдин басқарған қызыл әскер тобында жауынгер, кейін сот мекемелерінде халық тергеушісі болды.
1920 - 1922 жылдарында Орынбор қаландағы Татар халық ағарту институтында білім алды. Қожамқұловтың өнерге деген құштарлығын алғаш оятқандар – туған жездесі Жүсіп Темірбеков пен жазушы-драматург Бейімбет Майлин.
1920 жылдары "Қызыл керуен" труппасының жұмысына белсене қатысып, өзінің сахналық өнерге деген қабілет-дарынын байқатты.
Қожамқұлов осыдан кейін Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде де көркемөнерпаздар үйірмесінен қол үзген жоқ. Осы қалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сәкен Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов және актер Қ.Бадыровпен танысып, олармен шығармашылық қарым-қатынаста болды.
Ойнаған рөлдері
1922 жылында М.Әуезовтің "Еңлік - Кебек" трагедиясында Еспембет рөлін ойнайды.
1925 жылында Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби Қазақ мемлекеттік драма театры ұйымдастырылғанда Қожамқұлов арнайы шақырылады. Театрда ол актер әрі режиссер қызметін атқарып, 1926 -1932 жылдарында Әуезовтің "Бәйбіше - тоқал", Майлиннің "Шаншар молда", "Ел мектебі", "Қалпе", Ө.Оспановтың "Сеңсең бөрік", Н.В. Гогольдің "Үйлену" пьесаларын қойды. Қожамқұлов - әрбір рөлдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мінезі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын актер еді. Әсіресе, Қожамқұловтың актерлік шеберлігі комедиялық рөлдерде айқын көрінді. Қожамқұловтың таңдаулы рөлдері қатарында Талтаңбай (Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібінде", Яичница, Земляника (Гогольдің "Үйленуі" мен "Ревизорында"), Тымақбай, Қарабай, Қоңқай (Мүсіреповтің "Амангелдісінде", "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мен "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Шахтер Тайман (Ә.Әбішевтің "Достық пен махаббатында"), Еспембет, Көбікті хан (Әуезовтің "Еңлік - Кебегі" мен "Қара қыпшақ Қобыландысында"), т.б. бар. Қожамқұлов 1930 жылдан киноға түскен. "Дала әнінде" Батырақтын (1930), "Амангелдіде" Бекет ұстаның (1938), "Ақ гүлде" қарт Жастардың (1942), "Абай әнінде" Баймағамбеттің (1945), "Алтын мүйізде" шопан Әділбектің (1948), "Алдар көседе" Бидің (1964), т.б. рөлін орындады.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты
1973 жылында "Серага" атты телефильм (режиссер Қ.Әбусейітов) жарық көрді. Гастрольдік сапармен Иранның Шираз қаласында өнер көрсетті. Қожамқұлов атында Жезқазған музыкалық-драма театры, Алматы қаласында көше бар. Алматы қаласында ол тұрған үйге (Фурманов көш., 117-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 5-сайл. Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болды.
Фильмографиясы
1930 - Дала әндері - батрақ
1931 - Жұт - қойшы
1938 - Амангелді -Бекет
1940 - Райхан - Кеке
1943 - Ақ раушан - эпизод
1945 - Абай әндері - Баймағамбет
1948 - Алтын керней - Әділбек
1950 - Баку жалындары - Қадыр Қырымқұл
1954 - Дала қызы - эпизод
1954 - Қозы Көрпеш - Баян сұлу - Қарабай
1955 - Қыз-жігіт - Еркебай
1955 - Бұл Шұғылада болған еді - бухгалтер
1955 - Алғашқы эшелон - Садықов
1956 - Қанатты сый - күзетші
1957 - Біздің сүйікті дәрігер - Серке
1959 - Өмір жолында - қарт
1960 - Бір ауданда - Атаке
1960 - Тыныштық - қарт аралаушы
1963 - Ана туралы аңыз - жылқышы
1964 - Алдар көсе - Итбай
1966 - Ән қанатында - эпизод
1972 - Шоқ пен шер - саябақтағы күзетші
Марапаттар
Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен (1966), 3 рет Ленин ордені, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?