Ернар (Әміре) Садырбаев
Ернар Садырбаев (Әміре) Қостанай қаласында дүниеге келген. Ернардың бойындағы талантын мектебіндегі музыка пәнінің мұғалімі байқап, оны қалалық жарыстарға қатыстырған. Сондай-ақ, кішкентай өнерпаз 7 жыл бойы музыка мектебінде оқып, ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннен тәлім алған. Содан ба екен, Ернар өзінің болашақта кім болатынын мектеп қабырғасында жүргенде-ақ шешіп қойыпты. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдады.
Ернар R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрларында ән салады. Ол қатысқан байқауларды санағанда тіпті есептен жаңылысуға болады. Әміре бұрынырақта «Алтын микрофон», «Бозторғай», «Дельфи ойындары» байқауларының лауреаты атанған. Сонымен қатар, 2015 жылы Италияның Милан қаласында өткен «EXPO-2015» халықаралық көрмесінде ән шырқау құрметіне ие болды. Продюсер Брендон Стоунмен бірге жұмыс істеген шағында халықаралық «Новая волна» байқауының жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Германияда өткен «Berliner Perle» байқауында да үздіктер қатарынан көрінді.
Әміре – Ернардың сахналық есімі. Бұл псевдоним ел арасында қазақтың жезтаңдай әншісі Әміре Қашаубаевтың есімі ұмытылмаса екен деген ниетпен таңдалған. Осылайша, бүгінгі күннің Әміресі өткен ғасырда Париж төрінде әуелете ән салған Әміренің жетістігін қайталауға талпынып келеді. Айтса айтқандай, ол 2017 жылы Прага қаласында өткен «Diamond voice festival - 2017» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Әміренің өзі «бұл додада Александр Морозов, Бруно Елушич, Камила Хюбш, Хуан Лопес сияқты есімдері танылып қалған әншілердің арасынан бас жүлде маған бұйырады деп ойламадым» дейді бір сұхбатында.
Биыл 12-16 шілде аралығында Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауында Әміренің тағы да бағы жанды. Үш күнге созылған додада Әміре 156 ұпай жинап, Румыниядан келген әріптесімен тең түсті. Алайда, қазылар алқасы бас жүлдені румыниялық әнші Марчелу Рошканың қанжығасына байлап, ал Әмірені бірінші орынға лайық деп шешті. Байқаудың соңғы күнінде француз тілінде ән шырқаған Ернар Садырбаев сахнаға Қазақстанның көк байрағын алып шықты. Халықаралық додада туған елінің туын желбірету оның бала күннен келе жатқан арманы болатын.
Бүгінде Әміренің ән қоржынында «Айтшы жауабын», «Бақытым»,«Анашым», «Менің елім», «Ұйқысыз түнде» әндері бар. Әншінің «Айтшы жауабын» әніне түсірілген бейнебаянын көрермен қауым жылы қабылдады. «Славян базарынан» кейін Әміреге ресейлік «Россия» телеарнасынан бір шоуға сарапшы ретінде қатысуға ұсыныс түсті. Қазір әнші мен оның продюсері Жан Мұқанов осы ұсыныстың жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?