Ринат Зайытов (1983 жылы 17 қараша)

 Ринат Зайытов (1983 жылы 17 қараша)

Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. 13 жасында әке-шешесі ажырасып, бала Ринат анасымен қалады. Әкесі Рифхат Зайытұлының қазір басқа отбасы бар, Аягөзде жергілікті мектепте мұғалім болып істеген, кейін директор болды.
Отбасында төрт ағайынды.
"Егер ата-анам ажыраспағанда, мүмкін, мен Семейге келіп, айтысқа араласпас па едім?! Бүгінгідей Ринат болмас па едім?! Барлық нәрсенің бір себебі болады. Жас күнімде балалығымнан қалған ашынудың әсері ме, бұзық болып өстім. Тағы бір мінезім – қанша қиналып тұрсам да, білдірмеймін. Адам баласына зарымды айтып, мұң шағып көрмеппін", -деген еді 2016 жылы берген сұқбаттарының бірінде.
Ринаттың өнерге деген құштарлығы бала кезде оянды. Сондықтан ба, мектептен кейін актер болуға бел буып, М.Төлебаев атындағы музыка колледжін "Драмалық театр актері" мамандығы бойынша тәмамдады. Диплом алғаннан кейін Семейдегі мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Осылайша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болады.
Айтысқа 17 жасынан бастап араласа бастаған. Семейдегі жастар театрында қызмет етті. Аймақтық, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы.
"Аягөз ауданының құрметті азаматы, "Астананың дамуына қосқан үлесі үшін" медалінің иегері.
Өткір тілді Ринат
От ауызды, орақ тілді ақын қай айтыста болмасын, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, билікке жиі сын айтады. Халыққа да суырыпсалмалығынан бұрын, ащы шындықты жырлаудан танбайтын қайсар, бірбеткей мінезімен ұнайды. Осы мінезі үшін талай айтыстан шеттетілген кездері де болды.
"Мен айтысқа кеше шыға салып, бүгін "жалмауыз" боп кеткен жоқпын. Жемістің өзі көгеретін уақыты болады, пісетін уақыты болады, сосын шіритін уақыты болады. Ақынның ойы да солай. Бір айтқанда жетпесе, екі айтқанда жетпесе, іште қалай болғанда да жеткізем деген ой пайда болады. Келе-келе менде бір ғана мақсат пайда болды. Ол – менің ешкімге жау емес, дұшпан емес екенімді дәлелдеу. Сол жолда айтқан нәрсені бір естімегесін, қатты айтқың келеді, екі естімегесін, одан да қатты айтқың келеді", - деген еді Зайытов сұқбаттарының бірінде.
Билікке жақпайтын "атышулы" өлең шумақтарынан кейін ақын бес-алты жылдай айтыстан қол үзді.
"91" тобына айтылған сын
Қазірет Бердіханмен айтыста Ринат Зайытов атышулы "Ninety One" тобын жерден алып, жерге салғаны көптің есінде. Айтыскер "Қазаққа кәрісқұмар құлдар емес, бойында намысы бар ұлдар керек" деп төкпелеген еді.
Әнші жігіттердің киім-киісі мен жүріс-тұрысына қатысты айтылған сыннан кейін күллі халық "91" тобының жауына айналып шыға келгендей болды.
Кейбір өңірлерде тұрғындар "91 тобы қаламызға келсе, көресіні көрсетеміз" десіп шулады. Топтың негізін қалаған Ерболат Беделхан да талай сөзге қалған еді.
"Димаш – Қытай саясатының құрбаны".......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?