Бибігүл Төлегенова Ахметқызы (1929 жылы 16 желтоқсан)
Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).
Өмірбаяны
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.
Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.
1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.
1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.
Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады.
Әндері
Б.Төлегенованың қайталанбас орындаушылық өнерінің қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың "Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма"), сондай-ақ П.П.Чайковский мен С.В.Рахманиновтың романстары, Н.А.Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Б.Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Бұл тұрғыда ол "қазақ бұлбұлы" атанған К.Байсейітованың орындаушылық шеберлігін жалғастыруда. Төлегенова опера өнеріне де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Гүлбаршын (Рахмадиевтің "Алпамысында"), Еңлік (Жүбановтың "Еңлік—Кебегінде"), Джильда, Виолетта (Вердидің "Риголеттосы" мен "Травиатасында") т. б. партияларды орындады.
Фильмографиясы
1954 - Дала қызы - Қарашаш
1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Майра
1957 - Біздің сүйікті дәрігер - әнші
1968 - Тақиялы періште - эпизод
2005 - Вокалды параллельдер - эпизод
2011 - Алдар көсе - Алдара әже
2011 - Балалық шағымның аспаны - Сұлтана әже
2016 - Тақиялы періште-2 - эпизод
Марапаттары
КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1960) лауреаты.
1957, 1958 жылдары Мәскеуде өткен өншілер байқауының лауреаты.
УӀӀ-ӀХ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған.
КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты.
«Жыл адамы» атағын алған (2001.
Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002).
«Орақ және балға» медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса Социалистік Еңбек Ері (1991).
Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
Жеке өмірі
Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия.
Хоббиі - көрнекті өнер қайраткерлерінің және Саяси қайраткердің монографияларын жинау.
Қыздары - Гүзел, Мәриямгүл; ұлы - Төлеген. Немерелері - Әділ, Қайрат, Бағдад. Шөберелері - Дәмира, Ескендір.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?