Әлия Жүсіпова Мақсұтқызы (1984 жылы 15 мамыр)

 Әлия Жүсіпова Мақсұтқызы (1984 жылы 15 мамыр)

Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.

2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.

Жетістіктері
ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;
Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;
Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;
Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.
ҚР үздік спортшысы (2004).
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).
Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).
Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматшасы (2004).
«Құрмет» орденімен (2004);
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.
2006 жылғы Азия чемпионаты
2006 жылы Үндістанның Сурате қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өткен еді. Әлия Жүсіпова Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алды. Алғашқы алтынды көпсайыста алған ол доп, шығыршық, скакалка, лента секілді бағдарлама түрлерінің бәрінде де жеңімпаз болып шықты. Және бір атап өтетін жәйт – қазақ гимнасшы қыз Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азияның абсолютті чемпионы атанды.

Көркем гимнасшы Ә. Юсупова.tif

Жаттықтырушысы
Әлия Жүсіпова Мәскеуде олимпиадашылар дайындайтын атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан.

Жанұясы
Әкесі - Жүсіпов Мақсұт Саидұлы (1956 жылы туған), запастағы ҰҚК полковнигі, Шымкент қаласы Әуесқойлар боксы ассоциациясының президенті. Анасы - Сарбаева Ася Кеңесбекқызы (1964 жылы туған), бухгалтер-экономист.

Жеке өмірі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі жәнө спорт факультетін (2006), жаттықтырушы-оқытушы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын «Психология және педагогика» мамандығы бойынша (2008) бітірген.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы, заңгер.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?