Атақ, даңқ
Ізгілікпен атыңды мәңгілік қыл.
Тірі өледі, жер қойыны – жатағы,
Ізі қалар болса жақсы атағы.
Ізі қалар болса жақсы атағы.
Атақ – қабілеттің көлеңкесі.
Жауды қара қашырды,
Батыр атақ Барақта қалды.
Батыр атақ Барақта қалды.
Атақтының ұяты –
Кедей өлімінің бір аты.
Кедей өлімінің бір аты.
Дұшпанды біреу шабады,
Атақты сәду алады.
Атақты сәду алады.
Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.
Жаның шықсын.
Аттанды басқа салды,
Атағы Манасқа қалды.
Атағы Манасқа қалды.
Адам емес, мәңгі өлмейтін — атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
Айтқан екен жайған адам атағын,
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
Сабыр еткен түзер істің шатағын.
Аты қалған ер өлмейді,
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.
Атым шықсын десең, асыңды аяма.
Атымтай кеткенімен, халықта аты қалды.
Атымды шығарам десең, асыңды сайла.
Атым шықсын десең, жомарт бол.
Елдің даңқын қонағы шығарар,
Жердің даңқын бұлағы шығарар.
Жердің даңқын бұлағы шығарар.
Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
Мата даңқымен бөз өтер.
Даңқ қуған далама қалады,
Мақтан қуған масқара болады.
Мақтан қуған масқара болады.
Елінің даңқын батыры шығарар,
Батыры шығармаса, ақыны шығарар.
Батыры шығармаса, ақыны шығарар.
Батырды өлтірерсің,
Ал даңқын қайтерсің?
Ал даңқын қайтерсің?
Сараңның даңқы шықпас.
Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.
Бақылдың даңқы шықпайды.
Жақсы атың «мәңгіге қалсын» десең, сүрінгенді сүйеп қал.
Туа біте таңылған жаман ат, өле-өлгенше қалмайды.
Жақсы аты қалған ер өлмейді.
Көтерілсең – құр салтанат құрмағын,
Төмендесең – текке қарап тұрмағын.
Төмендесең – текке қарап тұрмағын.
Туар адам, өлер өзі – ат қалар,
Кеткендердің сонда сөзі жатталар.
Кеткендердің сонда сөзі жатталар.
Екі нәрсе барлық тілде жатталар:
Бірі – жақсы, бірі – жаман ат болар.
Жақсы болсаң – мақтаулы атың сақталар,
Жаман болсаң – жаман атың датталар.
Бірі – жақсы, бірі – жаман ат болар.
Жақсы болсаң – мақтаулы атың сақталар,
Жаман болсаң – жаман атың датталар.
Ізде ізгілік, қуанба құр жүргенге,
Жақсы ат керек бұл өмірді сүргенге.
Жақсы ат керек бұл өмірді сүргенге.
Аты қалған ер өлмейді:
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса – бұ жалғанда өлмес ер.
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса – бұ жалғанда өлмес ер.
Ердің артында көп алтын қалғанға, жақсы аты қалғаны игі:
Өлер ердің алтын болмай мақсаты,
Ізгілік қой – қалған болса жақсы аты.
Өлер ердің алтын болмай мақсаты,
Ізгілік қой – қалған болса жақсы аты.
Ізгі атымен ер алғысқа бөленеді.
Дүние-малды атақ үшін жияды.
Құр атақ қуған ер өзінің түбіне жетеді.
Ізгі ердің сүйегі шіріп кетсе де, аты өшпейді.
Жақсы ат пен ізгі атақ мәңгіге қалады.
Адам емес, мәңгі өлмейтін – атағы,
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
Өмір-бақи жасайды ғой ол тағы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?