Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары (9 сынып, IV тоқсан)

 Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары
Оқу мақсаттары: 9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады.
Сабақтың мақсаты: Ұйымдарды деңгейі мен мақсаты бойынша топтастыра отырып ҚР үшін маңыздылығын түсіндіреді.
«Ой шақыру»
Қазақстан қай ұйымдарға мүше және сол ұйымдардың қайсысында өзінің мәртебесі жоғары?
Оқушылар жеке ойлана отырып жауап береді.
Қажет болған жағдайда мұғалім бағыттаушы сұрақтар қоюына болады.
Мұғалім тақтадан сабақтың тақырыбын көрсетеді, сабақтың мақсатымен таныстырады.
Мұғалім бірлесу түріне байланысты үкіметтік (үкіметаралық) және үкіметтік емес ұйымдардың ерекшелігін түсіндіреді.
Үкіметтік (үкіметаралық) ұйымдар: мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде құрылып, қызмет етеді. БҰҰ, ХВҚ, ДСҰ.
Үкіметтік емес ұйымдар: қоғамдық құрылымдар мен ғылыми қауымдастықтарды, жеке компанияларды, мекемелерді, мемлекеттің атынан кіретін жеке тұлғаларды біріктіреді. Халықаралық Олимпиада комитеті, Рим клубы, Гринпис.
Жеке жұмыс.
1-тапсырма. Сәйкестендіру
Оқушылар ұйымдарды деңгейіне байланысты топтастыра отырып сәйкестендіреді.
Ескерту: сәйкестендіруде бір ұйымдар тобы артық.
Оқушылар өз жауаптарын белгілеп болғаннан кейін мұғалім тақтадан жауаптарын ұсынады.
Оқушылар өзін өзі бағалау жүргізіледі.
Топтық жұмыс.
Оқушылар ұйымның атаулары бойынша 4 топқа бірігеді. Әр топ ҚР мүше экономикалық интеграциялық ұйымның мақсаты мен Қазақстанның мүше болудағы мақсаты мен маңыздылығын түсіндіреді
1 топ: ДСҰ
2 топ: ШЫҰ
3 топ: Кедендік Одақ
4 топ: Халықаралық Валюта қоры
Жоспар:
- Қазақстан мүше бір ұйымды таңдаңыз.
- ҚР ұйымға кірген уақыты.
- Ұйымға кіруінің негізгі мақсаты.
- Қазақстан үшін ұйымның маңыздылығына баға беріңіз.
Оқушылар топтық жұмыстарын постер түрінде ұсынады.
Әр топқа 2-3 мин уақыт беріледі.
Топтар жоспар бойынша өзара бағалау жүргізеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 128



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?