Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары (9 сынып, IV тоқсан)

 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Дүниежүзі елдері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты ұсыну формалары
Оқу мақсаттары: 9.6.1.5 Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты түрлі мақсатты аудиториялар үшін дайындайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар кешенді географиялық ақпараттарды жіктеп,
Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпаратты дайындайды.
Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар
Мұғалім сұрақ қояды: Сіздер қандай мақсатты аудиторияға жатасыздар?
Оқушылар жеке ойланып жауап береді.
Мұғалім сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялайды. Оқушылар дәптерге жазып алады.
Мұғалім бөлім бойынша шолу жасайды.
Ой қозғау.
Сұрақ: ҚР туралы географиялық ақпараттарды қалай жіктеуге болады?
Оқушылар жауабын мұғалім тақтаға жазады.
Жауаптар жіктеледі.
Күтілетін жауаптар: экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық т. б.
Оқушылар 4 немесе 5 топқа бірігеді.
Әр топ географиялық ақпараттар түрін таңдайды (немесе мұғалім ұсынады).
Ақпаратты ұсынудың формаларын, мақсатты аудиторияны таңдайды.
Ақпаратты ұсыну формалары: инфографика, сызба, постер, кесте, рэп т. б.
Мақсатты аудиториялар: туристер, экономистер, депутаттар (парламент), ғалымдар, жастар, кәсіпкерлер т. б.
Мұғалім тапсырмаларды орындау алдында нұсқау береді.
Қысқаша статистикалық мәліметтер, мәтіндер ұсынады. Қалған мәліметтерді оқушылар оқулықтан, ғаламтордан алады, іздейді.
Мұғалім тапсырмаларды орындау барысында көмекті қажет еткен топтарға, жекелеген оқушыларға кеңес беріп, қолдау көрсетеді.
Зерттеу нәтижелері презентацияланады.
Уақыты: 2-3 минут.
Бағалау критерийлері:
1. Географиялық ақпарат кемінде 3-4 пункттен тұрады.
2. Мақсатты аудитория таңдалады.
3. Ақпаратты қолдану туралы түсінік беріледі.
Мұғалім қажет болған жағдайларда нақтылау
мақсатында сұрақтар қояды.
Бағалау: 1-топты 2-топ, 2-топты 3-топ т. с. с. өзара бағалау.
Кері байланыс:
Географиялық ақпараттардың басқа ақпараттардан айырмашылығы неде?
Әр топтан бір оқушы жауап береді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 367



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?