Құрлық суларының экологиялық проблемалары №1 (8 сынып, II тоқсан)

 Құрлық суларының экологиялық проблемалары №1 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Құрлық суларының экологиялық проблемалары №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.6 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
Сабақ мақсаттары: сулардың экологиялық проблемаларын талдау
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға суреттер беру. Бұл суреттер нені білдіреді? (Қосымша №1)
Суретпен тақырыпты байланыстырып сабақ тақырыбын анықтайды.
Бейнефильм: судың ластануы.
Оқушылар көрген бейнематериалға талқылау жүргізеді.
Тақырыбы: Судың ластануы
[media=http://bilimland.kz/kk/#lesson=14038]
Тақырыбы:Су – ресурс ретінде
[media=https://twig-bilim.kz/kz/film/water-as-a-resource]
(Ж) Оқушыларға су ластану схемасы көрсетілген сурет ұсыну.
Су қалай ластанады? Суретпен жұмыс жасау барысында суды ластайтын барлық нысандарды атап шығады. (қосымша №2)
(Т) Топтарға бөліну
Топпен жұмыс жасау ережелері және кластерді құру ережелерін қайталаңыз.
 Әрбір қатысушының белсенді жұмысы.
 Біреуіңіз сөйлесе, қалғандарымыз тыңдаймыз.
 Бір-біріңізбен сыпайы болу.
 Жұмыс мақсатын айқындау.
 Жұмысты бөлу.
КЕЙС-СТАДИ
Талдаңыз: су ресурстарын қорғау бойынша мақаланы оқып:
• Су сипаттамасын;
• Маңызын;
• Суға қатысты екі проблеманы;
• Қазақстан суларының ластануы;
• Шешу жолдарын;
кластер арқылы құрастырыңыз.
Оқушыларға қосымша дерек ретінде беруге болады.
Судың сарқылуы мен ластануы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;
өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;
ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестерде пайдаланбау. Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;
ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу;
суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.
ӨЗАРА БАҒАЛАУ. «Бір маркер» әдісі арқылы топтар бір-бірін сағат тілі бойынша бағалайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 129



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?