Гидросфера және оның құрамдас бөліктері (7 сынып, II тоқсан)

 Гидросфера және оның құрамдас бөліктері (7 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера
Сабақтың тақырыбы: Гидросфера және оның құрамдас бөліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтау
Табиғаттағы су айналымын түсіну
Гидросфера құрамындағы сулардың қалыптасуы мен маңыздылығын ажырату
Сабақ мақсаттары: Гидросфераның құрамдас бөліктерін анықтайды, су айналымдарын талдайды;
графиктер салу дағдыларын дамытады.
- Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Шаттық шеңбері» Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
Сабақ мақсатымен, тапсырмалармен және жетістік критерийлерімен танысу.
Топқа бөлу “Мұхиттар”Қосымша 1
Оқушыларға 4 мұхит және сол мұхиттарға құятын өзендер жазылған қағаз таратылады. Оқушылар парақшада жазылған өзендер арқылы мұхит тобына жиналады.
Егер оқушы өзеннің қай мұхитқа құятынын білмесе картамен, атласпен жұмыс жасауға уақыт беріледі. Сыныптастарынан көмек сұрауға да болады.
Әр топ өз аттарымен аталатын мұхиттарды картадан көрсету қажет.
1-топ Үнді мұхитын картадан анықта?
2-топ Тынық мұхитын Картадан анықта
3-топ Солтүстік мұзды мұхитын анықта
4-топ Атлант мұхитын картадан анықта
Оқушылар топтасып болған соң түсініктерін қалыптастыру мақсатында сұрақтар қойылады.
1. Табиғатта үш күйде кездесетін зат
2. Гидросфера дегеніміз не?
3. Гидросфераның құрамдас бөліктері қандай?
4. Ғаламшарда ащы су мен тұщы су қалай таралған?
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді «Түртіп алу » әдісі арқылы талдайды.
 белгілі + жаңа ақпарат ? түсініксіз
Қосымша 2
- Мәтінді оқу барысында оқулыққа белгілеу үшін қарындаш қолданылады.
- Әр сөйлемді оқып отырып шартты белгілермен белгілейді.
- Егер оқыған ақпарат бұрыннан білетін ақпарат болса құс белгісі(ν) қойылады;
- Егер оқыған ақпарат жаңа болса оң (+) таңбасы қойылады.
- Егер оқу барысында ақпарат түсініксіз болса (?) белгісі қойылып,оқушылар мәтінді соңына дейін оқып шығады.
Талдау барысында оқушылар шағын топтарға бөлініп өздеріне таныс және таныс емес ақпараттарды талдайды. Топтың ішінде оқушылар өзара бір-біріне түсіндіріп көмек береді.
Мәтін бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақ-жауап
1.Суреттегі «Табиғаттағы су айналымы» тізбегін түсіндіріңдер
3.Гидросфера қандай бөліктерден тұрады?
4. Гидросферадағы басты тұщы су көздерін ата?
5. Үлкен және кіші су айналымын түсіндір
6. Су айналымының маңызы қандай?
Құрлық суларын презентациядан таныстырып, бейне ролик көрсету. Мұғалімнің түсіндіруі
Бейне материалдарды көру арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:
Өзен дегеніміз не?
Өзендер қалай қоректенеді?
Ғаламшардағы өзендердің маңызы қандай?
Өз аймақтарыңда қандай өзендер бар?
Ол өзендер қандай мақсатта пайдаланылады.
Көл дегеніміз не? Ол қалай қалыптасады ?
Қазақстанда қандай көлдер бар?
Көлдерді адамзат қандай шаруашылққа пайдаланды?
Жер асты суларының графикалық түрін сипаттаңдар?
Мұздықтардың маңызы қандай?
Дескрипторлар:
- Оқушы бейне роликтен гидросферадағы су айналымын түсініп, сипаттай алады.
- Гидросфераның байланысын анықтап, сұрақтардың 8-не жауап бере алады.
Картаны пайдалана отырып, гидросфераның байланысын дәлелдеп, сызбасын сызыңдар
Қосымша 3
1. Физикалық картадан дүниежүзіндегі ең биік тауларды анықтап, атаңдар. Таулардыңдың шыңында мұздықтар орналасқан.
2. Сол таудан бастау алатын ірі өзенді табыңдар
3. Өзеннің қандай көлге немесе теңізге құятынын анықтаңдар
4. Теңіздің немесе көлдің мұхитпен байланысы бар ма? Болса қандай мұхитпен екенін анықтаңдар
Дескрипторлар:
- Оқушы картаны пайдаланып, биік шыңдарды, мұздықтарды таба алады.
- Гидросфераның байланысын анықтап, сызбасы арқылы талдау жасай алады.
Файнворд әдісі .Қосымша 4
Оқушылар берілген жәшікшелердің ішінен гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді анықтайды. Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастырыңдар
Дескрипторлар:
- Оқушы гидросфераға қатысты атаулар мен терминдерді таба алады.
- Анықтаған ірі өзендер мен көлдерді картадан анықтап құрлықтар бойынша топтастыра алады.
Ғаламшар үшін гидросфераның маңызын бағалаңдар
• Адамзатқа
• Өсімдіктерге
• Жануарларға .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 163



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?