«Көл жағасында» З. Шүкіров, «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан)

  «Көл жағасында» З. Шүкіров,  «Көлде» Ғ. Мүсірепов (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: «Көл жағасында» З. Шүкіров,«Көлде» Ғ. Мүсірепов
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары: - Өлеңді оқып, өлең мазмұнын көркем бейнелі сөздер арқылы жеткізеді;
- Мәтіннен көркем бейнелі сөздерді тауып, кестені толтырады;
- сөйлеу барысында суреттерді қолданады;
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Сұрақ - жауап» әдісі
- Су қоймаларына не жатады?
- Өзен мен көлдің айырмашылығы неде?
- Көлді қандай жануарлар мекендейді?
- Жер бетіндегі ең үлкен көл. (Каспий теңізі)
- Жер бетінде қанша мұхит бар? (4)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж, ЖЖ) З. Шүкіровтың «Көл жағасында» өлеңін тыңдатады немесе мұғалім мәнерлеп оқып береді. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды (раң, кілең, қоғажай,), дәптерлеріне жазады.
«Талқылау әдісі» арқылы оқушылар жұп құрып, оқушылар өздеріне қысқаша тірек-сызбалар немесе сөздер тізбегін құрап алады. Екі жұп бір-біріне мұғалім-оқушы рөлін өткізеді. «Мұғалім» өз орнында қалады, «оқушы» көрші жұпқа ауысады.
Үлгі: Тірек сөздер- Көк кілем, тау етегі, өскен қоғажай, қозы-лақ, үркіп қарайды.
Осы тірек сөздер бойынша өлең мазмұнын өз ойымен жеткізеді.
(Б) «Бағдаршам»
Топтасу Сынып ортасына сөздер жазылған карточкаларды шашады, оқушылар алған карточкасы бойынша топтарға бірігеді:
Су қойма құстары: аққу, қаз, үйрек, шағала, аққұтан;
Су қойма өсімдіктері: қамыс, қоға, тұңғиық, балдыр, құрақ;
Су қойма жануарлары: көксерке, табан, шортан, бақа, алабұға;
Қазақстан көлдері: Балқаш, Алакөл, Зайсан, Сасықкөл, Бурабай;
Қазақстан өзендері; Есіл, Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария;
2- тапсырма
(ЖЖ, Т) Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр. Оқушылар мәтінге сүйеніп, берілген кестені жұпта толтырады, топта ойларын ортаға салады.
Өсімдіктер және оған қатысты сөздер Құстар және оған қатысты сөздер; Жануарлар, жәндіктер, оларға қатысты сөздер;
Балауса, раң - шөп кілең,
Қаз сырласып отырғандай
(Б) Топтар бірін-бірі «Галереяны шарлау» әдісі арқылы бағалайды.
3-тапсырма
(Ж, Т) Ғ. Мүсіреповтың «Көлде» мәтінін түсініп оқиды, сурет бойынша VTS әдісі (көре білу стратегиясы)- мәтінге сәйкес (пейзаж) суретін көрсету арқылы ауызша сөйлету.
1 топ оқулықтың 96 беттегі суретті қолданады;
2 топ 97 беттегі суретті қолданады;
3 топ: қосымша 3-те берілген суретті қолданады;
4 топ: қосымша 4-те берілген суретті қолданады;
5 топ: қосымша 5-те берілген суретті қолданады;
(Б) дескрипторы:
- сөйлеу барысында иллюстрациялар мен фотосуреттер қолданады;
- өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді;
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
4 –тапсырма
(Ж) Берілген жоспар бойынша «Көлде» тақырыбына мәтін құрастыр.
1. Көл жағасындағы өсімдіктер.
2. Көлдегі тіршілік.
3. Көлдің пайдасы.
(Б) «Сол жақтағы көрші» әдісі арқылы сол жағында отырған көршісіне дәптерін беріп, өзі оң жақтағы көршісінің дәптерін алып, критерий бойынша 3 баллдық жүйе арқылы бағалайды. Критерийлерін алдын ала беріп қою ұсынылады немесе оқушылармен мәтін жазар алдында құрастыруға болады.
Дескрипторы:
• сөйлемдегі сөздер өзара байланысты;
• ойы жүйелі берілген;
• сауатты жазылған.
Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 186



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?