Жұмағұлов білім саласындағы бірнеше көкейтесті мәселені атады

Жұмағұлов білім саласындағы бірнеше көкейтесті мәселені атады

Жақында мектеп оқушыларының біліміне жүргізілген ұлттық мониторинг біраз кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты

Оның хабарлауынша, оқушылардың талқылау, салыстыру, қорытынды жасау және дәлелдеу қабілеттерінің төмен дәрежеде екендігі анықталды деп жазады Қазақпарат.

"Негізгі бағдар тек білім беру тәсіліне ғана бағытталады. Ал осы білімді іс жүзінде пайдалану дамымай отыр. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің логикалық тапсырмалары да аталған кемшіліктің бар екендігін көрсетті", - дейді Б.Жұмағұлов.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық жоспары қабылданды.

Ал әлемдік тәжірибе негізінде әзірленген жалпыға міндетті білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары алғаш рет пәндердің мазмұнын емес, оқушылардың практикалық дайындығын шыңдауға мүмкіндік бермек.

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мұғалімдерді үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істеуге шақырады.

"Ұстаздардың көбі егер бала материалды игере алмаса, бұл мектептің проблемасы емес, баланың өзінің және оның ата-анасының кінәсі деп есептейді.

Сөйтіп, олар көбінесе өз мектептерінің мұғалімдеріне емес, үйретушілердің көмегіне жүгінеді. Бұндай қарым-қатынасты түбірімен өзгерту керек, бұл жайлы бізге халықаралық сарапшылар да айтқан болатын ", - деді Жұмағұлов жұмада республикалық тамыз педагогикалық мәслихатында.

Қазақстанда орта техникалық және кәсіптік білім беру мектептерден нашар және толық емес, деп есептейді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

"Бізді тоғызыншы сынып түлектері үшін мамандықпен қатар толық орта білім беруді қамтамасыз етуі тиіс ТжКБ саласындағы жағдай алаңдатады. Алайда бұл жоқ. Біз осымен жоғарғы оқу орындарына түсетін ТжКБ түлектері үшін кешенді тестілеуді екі рет өткізіп көрдік, нәтижесі нашар болып шықты.Олардың тек 30%-ы шектік балды еңсерді, бұнымен салыстырғанда КТ-ден өткен жылдардағы мектеп түлектері шектік балдың 60 % жинап берді. Яғни, ТжКБ –дағы орта білім беру мектептен нашар болып отыр", - деді Жұмағұлов жұмада республикалық тамыз педагогикалық мәслихатында.

Министр бақылау комитетіне өңірлік және педагогикалық қауымдастықтармен бірлесіп, осы проблеманы егжей-тегжейлі саралап, тиісті шаралар ұсынуды тапсырды деп жазады Қазақстан жаңалықтары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?