«Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, III тоқсан)

 «Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: «Өнер-білім бар жұрттар» Ыбырай Алтынсарин
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Өз ойын көркем-бейнелі сөздермен жеткізеді
Көпшілік оқушылар: Өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс құрастырады
Кейбір оқушылар: Орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.
Сабақтың басы
Топтарға бөлу:
Түстерді таңдау арқылы топтарға бөліну
Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны
Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
Тақырыпқа болжам жасау

Сабақтың орт
Ой қозғау
-Ыбырай Алтынсарин кім?
-Ол туралы не білесің?
1-тапсырма
(Ө) Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін оқушыларға оқуды тапсыру. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі.
Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.
ҚБ «Жұлдызша»
Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма
Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар»
Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді
-Ы.Алтынсарин кімдерге бата берді?
- -Ата-анаңның жұмысын жеңілдету үшін не ойлап табар едің?
- Саралау: Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
- ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3-тапсырма
(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастыру
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызған.
Ол не?
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызған-
Пойыздар ғой зырлаған
Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.
ҚБ «Қол шапалақтау»
4-тапсырма (дәптермен жұмыс)
(Ө; Ж) «Еркін жазу» әдісі «Өнер-жігіт көркі» тақырыбына өз ойларын жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 873



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?