Оқу түрлерін қолдану Әлемнің кереметтері Вавилон аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)

 Оқу түрлерін қолдану Әлемнің кереметтері  Вавилон аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану Әлемнің кереметтері Вавилон аспалы бағы
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка(күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, суретте берілген нұсқасы мен мәтіндегі сипаттауды салыстырады.
Көптеген оқушылар: мәтінді басқа нұсқасымен салыстыра сипаттайды, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, сөздік құрастырады.
Кейбір оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтінге сүйеніп, алғашқы нұсқасын сипаттап айтады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Ойлан/ Жұптас/Талқыла – ой шақыру стратегиясы бойынша бастау:
- Әлемнің жеті кереметі туралы естіп пе едің?
Сұрақ қойылғаннан кейін келесі іс- әрекеттер төмендегідей жүзеге асады:
 Оқушы сұраққа өз бетімен ойланады және жазады;
 (ЖЖ) Нұсқау бойынша оқушылар бір-біріне бұрылып, жазғандарымен бөліседі;
 (ТЖ) нұсқау бойынша топта сұрақтың жауабы бойынша ортақ тізім жасайды;
 (ҰЖ) Әр топ тақтаға ортақ тізімге бір-бір сөзден қосады.

Әлемнің жеті кереметі: Мысыр пирамидалары, Вавилонның аспалы бағы, Эфестегі Артемида ғимараты, Олимпиадағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы,Родос алабы, Александрия шамшырағы.
• Тақтада ортақ тізім жасалған соң, Вавилонның аспалы бағын бөліп алу;
• Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы
«Уақыт шеңбері» әдісімен мәтінмен танысу.
«Уақыт шеңберіндегі» құрылымдық ережелерінің сақталуына көңіл бөлу. Ережемен таныстыру. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар орындыққа шеңбер құрып отырады. Мұғалім де оқушылармен бірге отырады, бірақ өзін үйлестіруші екенін түсіндіру керек. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат болу керек, мысалы, доп.
• Оқушылар мәтінді түсініп оқып шығады.
• Одан соң «Сұра және жауап бер» ойыны басталады.
• Допты бір- біріне бере отырып, сұрақтар қойылады. Жауапты мәтіннен тауып оқуы қажет. Уақыт тығыз допты ұзақ ұстаған жағдайда күйіп кететіндігін ескеру.
Мысалы: Аспалы бақ кімнің құрметіне салынған?, Аспалы бақтың құрылысына кімдер қатысты?, Тағы қандай атауы бар?
Сұрақты оқушылар да ойлатыра алады.
Мәтінді түсініп болған соң, орындарына отырады. Мәтін бойынша тапсырмалар орындайды.
(ҚБ) (Ө) «Сөздік құрастыр» тапсырмасы
Мәтіндегі жалқы атаулардан сөздік құрастыр.
Вавилон-
Мидия-
Евфрат-
Амитис-
Навуходоносор-
Семирамида-
(ҚБ) Дескриптор:
• Мәтіннен жалқы атауға қатысты ақпаратты анықтайды;
• Сөздің түсіндірмесін құрастырып жазады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
«өте жақсы», бәрі түсінікті;
сары түс – «орташа», түсініксіз жерлері бар;
қызыл түс – «нашар».
Сергіту сәті.
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.

(ҚБ) «Жасырын сурет» тапсырмасы
- Тапсырма орындалса, жасырын суретті көретін боламыз.
(ЖЖ) Мәтінде аспалы бақты қалай сипаттаған?
Гүл- құрақ, табанына тас төселіп, қамыс, қақталған қорғасын, зәулім ағашы, судың салдыры.
Тірек сөздерді қолдана отырып, Вавилон аспалы бағын мәтіндегі нұсқасы бойынша сипатта.
«Жасырын суреттен» Вавилон аспалы бақтың қазіргі нұсқасы бейнеленген суреті шығады.

Қазіргі нұсқасы
(ҰЖ) Суретке зер сал. Мұнда аспалы бақтың қазіргі нұсқасы бейнеленген. Мәтінмен салыстыр.
(ҚБ) Дескриптор:
• Вавилон аспалы бағын мәтіндегі нұсқасы бойынша сипаттап айтады;
• Тірек сөздерді қолданады;
• Қазіргі нұсқасы бейнеленген сурет пен мәтінді салыстыра сипаттайды.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға көмектеседі.
(ТЖ) Шығармашылық тапсырма
Аспалы бақтың алғашқы нұсқасын қалай елестетер едіңіз? Жалпы сұлбасын салып көріңіз.
«Галерияшы шарлау» әдісі бойынша бір- бірінің жұмыстарын көріп, шетіне ризашылық белгісін сала алады.
Бұл оқушылардың әрқайсысына барлық жұмыспен танысуына мүмкіндік береді, сонымен қатар, бұл оқушының еңбегіне сыныптағы барлық оқушының сыйластығы және назары.
Оқушыларға алғашқы нұсқасын көрсету. .......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 5 054



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?