Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» (3 сынып, II тоқсан)

 Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Өнерлінің қолы алтын Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ» Шона Смаханұлы «Он саусақ»
Оқу мақсаты: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу;
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлеңге тақырыбын анықтай алады.
Көптеген оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды; өлеңнен көркем сөздерді табады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды, өлеңнен көркем сөздерді анықтайды; өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады.Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
Оқушыларды отбасындағы орны бойынша 5 топқа біріктіреміз.
1-(тұңғыштар): - «Бас бармақ»
2-(ортаншы ): - «Балалы үйрек»
3-(ортаншы): - «Ортан терек»
4-(ортаншы): - «Шылдыр шүмек»
5-(кенжесі): - «Кішкентай бөбек»
Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз.
(Он саусақ) жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ұ, ОТ) «Балапан және оның достары» - мамандық туралы мультфильмді тамашалайды және жетелеуші сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжау жасайды.
Мазмұнын ашатын үлгі сұрақтар:
-Мультфильмде адам еңбегінің қандай түрлері әңгімеленеді?
-Қандай мамандықтар аталып өтті?
-Осыдан да басқа мамандықтар жөнінде не білесің?
-Саған мамандықтың қайсысы ұнайды?
-Мультфильмге ат қояйық, қалай атар едіңдер?
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау
Авторлар: Мұзафар Әлімбаев - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. (1923ж.- 2017ж.)
Шона Смаханұлы - Қазақтың белгілі сықақшысы, ақын. Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. (1924ж.- 1988ж)
2-тапсырма
(МК,Ж,ОТ)
Ш. Смаханұлының «Он саусақ» өлеңін үнтаспадан тыңдайды. М.Әлімбаевтің «Он саусақ» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқиды.

Әр жұп «Салыстыру картасына» өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, екі өлеңнен де көркем сөздерді (теңеу,эпитет) тауып, картаны толтырады.

«Салыстыру картасы» Үлгі:
Өлең авторлары
Тақырыбы
Өлеңге тақырып қой (өзің қалай атар едің?)
Өлеңдегі негізгі ойды жаз
Он саусақ туралы тіркестер жаз
Өлеңнің әр шумағына ат қой
Өлеңде аталған адам еңбегінің түрлерін жаз
Көркем сөздерді теріп жаз

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
• өлеңге тақырыбын біледі;
• өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
• өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті анықтайды;
• өлеңнен көркем сөздерді (теңеу,эпитет) табады.
3-тапсырма
(МК;ОТ;Т) «Көршіңе хабарлас» әдісіне сүйеніп оқушыларға телефонның әр түрлі түсін таратып беріп, «Өнерлінің қолы алтын» дегенді қалай түсінесің? бір-бірімен осы сұрақ төңірегінде пікірлеседі.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) «Бағдаршам » арқылы өзара бағалау
4- тапсырма
(ОТ,Ө,МК) «Рефлексия» әдісі бойынша оқушыларға «Өзің қандай мамандықты ұнатасың?» мысалдар келтіріп жазу ұсынынылады. (5-6 сөйлеммен)
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 3 030



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?