Қысқы кеш (Жаңа тақырыпты меңгеру) (3 сынып, II тоқсан)

 Қысқы кеш (Жаңа тақырыпты меңгеру)  (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Қысқы кеш (Жаңа тақырыпты меңгеру)
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
Сабақ мақсаттары: - шығарманы түсініп оқиды;
- шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге ат қояды;
- жоспар құрастырады;
- құрастырған жоспар бойынша шығарманы мазмұндайды.
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. «Қармен атысу» ойыны арқылы белгіленген уақыт ішінде (3-4 мин) оқушылар таратылған А4 ақ қағазының бөліктеріне қыс туралы не білетінін еркін түрде жазады. Жазып болған соң ортаға шығып бір-біріне қағазды умаждап қар атысқандай лақтырады (лақтырған кезде қауіпсіздікті сақтап, көзге дәлдемеуді ескертіңіз). «Тоқта» деген белгі берілген кезде қолдарына бір қағаз алып, бір-біріне оқиды, қыс туралы жазылған ойды толықтырады. Әр оқушының жауабына жұпта кері байланыс беріліп, «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма «Кадр» әдісі.
(Ө; ЖЖ) Оқулықтағы М. Иманжановтың «Қысқы кеш» мәтінін алдымен жеке түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз ішін тарта, бұғып, мүлігіп, сумаң қағып, бел алып сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады. Тапсырманың нұсқаулығымен бағалау критерийлері мұқият таныстырылады. Сөздік жұмысынан кейін кезек- кезек дауыстап оқиды, бірақ «тоқта» белгісі берілген кезде мәтіннің оқып жатқан жерін қимылмен көрсетеді. Тоқтату ретін мұғалім өзі анықтайды.
Эпизодты көрсеткен оқушыларды бағалау «Қошеметтеу» арқылы жүзеге асады, кері байланыс беру ұсынылады. Осы тапсырма арқылы жаңа ұғым «кейіптеу» туралы мәлімет беріледі.
Балалар көрсеткен боранның адам сияқты ауыл ішін аралап жүргені, сол сияқты ауылдың өзі адамша ақ қар жамылып, түннің құшағына бұғып отырған образдары кейіптеуді жақсы көрсетеді.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға мәтіннің оңай жерлерін, ал қабілеті жоғары оқушыларға қиынрақ бөліктерін беру ұсынылады.
2- тапсырма
Мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою.
(Т; Ө) Тапсырма топта орындалады, сондықтан оқушыларды 1, 2, 3, 4, деп санау арқылы 4 топқа бөліп алу ұсынылады. Алдымен оқушылар дәптерде жеке өздері бөліктерге бөледі, әр бөлікке ат қояды. Жұмысымен жұпта бөліседі, жұптың ішінде талқылап ортақ ойға келеді. Кейін өз ойларын топта ортаға салады, топпен бірігіп талдау арқылы ортақ ойды сынып алдына ұсынады.
Үлгі:
1. Боран.
2. Ауыл тіршілігі
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Топтық жұмыс барысында барлығының ойы құнды, бірлесіп жұмыс істеу нәтижелі болатынын естеріне түсіріп отыру қажету
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау
˗ шығарманы логикалық бөліктерге бөледі;
˗ әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
- құрастырған жоспары бойынша шығарма мазмұнын айтады
3-тапсырма
(Т) Кестені толтыру. Топтағы оқушылар оқулықтағы №4 тапсырма бойынша А.С. Пушкиннің және М. Иманжановтың «Қысқы кеш» мәтіндерінен боранға қатысты кейіптеулерді тауып А4 парағына жазады. Топтар жұмыстарын аяқтағаннан кейін ортаға өз ойларын ұсынады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға авторлар тағы нені адам кейпіне келтіріп суреттегенін тапқызуға болады.
Бағалау. Топтың жұмысын бағалауды топтар өзара «Нысана» әдісі бойынша жүзеге асады.
4 –тапсырма
(Ө;Т) 5 жолды өлең құрастыру. Тапсырма жеке орындалады. Мәтінді пайдаланып «Боран» тақырыбына «Синквейн» құрастырады. Үлгі:
Үлгі:
Боран
Түтіндей, жыландай
Ұлиды, ысқырады, сумандайды
Боран жыландай суман қағып ауыл ішін аралап жүр.
Қатты жел
Әр топқа қыс суреті таратылады. Оқушыларға қысқы табиғатты кейіптеу сөздерді қолданып суреттеу тапсырылады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушыларға тек көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазғызуға болады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Бағалау «Автор орындығы» әдісі арқылы жүзеге асады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 236



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?