Тыңдарманның назарын аударту (3 сынып, I тоқсан)

  Тыңдарманның назарын аударту (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды.
Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде нақыл сөздерді қолдана алады
Кейбір оқушылар: нақыл сөздің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда, өз тұжырымдарын ұсына алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы. 1. «Үш пікір» әдісі. «Нақыл сөз» деген не?
Осы тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.
Сабақ мақсаты: біздің бүгінгі сабағымызда сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды қолдануды үйренеміз.
Сабақтың ортасы
Жасайық. (Ж). «Тізімін жаса» әдісі
1. «Жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесің? Отбасы, табиғат, мектеп үшін қандай жақсылық жасай алатыныңды тізіп жаз.
1. Оқушылар 4 адамнан топтарға бірігеді.
2. Әр топта өз топ мүшелерінен сұраққа жауап беретін жүргізушіні таңдайды.
3. Топ оқушылары өздерінің тізімдерін құрастырып, оны жүргізушіге береді. Ол сұрақтарды біріктіріп, сол топ бойынша тізімді оқиды.
4. Топтардың жұмыстары тыңдалып, жетістіктері бағалаңады.
Қ/Б: Жарайсыңдар!
Оқиық. (Ө). 1. Ыбырай Алтынсаринның «Баланың айласы» әңгімесін оқушылар жеке оқиды.
2. Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі;
3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтінді шолу тапсырылады;
4. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.
Сөйлесейік. (Ө). «Көремін-естимін-сеземін»әдісі
«Жақсылыққа жамандық бар ма?» Бұл сұраққа мәтін кейіпкерлері қалай жауап берген? Суретке қарап әңгімеле.
1.Әрбір оқушы А4 парағына (естимін, көремін, сеземін) деп жазып, сурет бойынша қағазға жазады (толтырады).Алдымен оларға өз жауаптары туралы ойлануына уақыт беріледі.
2. Оқушылар 4 адамнан бірігіп топтасады және әрбір жолаққа жазғандарын оқиды (суретте нені көрді, қандай дауысты естіді, нені сезді), жалпы талқылаудан өздерінің жазғандарын толықтыруларына болады.
3. Әрбір топ өздерінің құрған сызба нұсқасын оқиды, қалған оқушылар тыңдайды, толықтырады.
Нұсқалар: Оқушылар 3 топқа бірігеді және «Көремін» немесе «Естимін» немесе «Сеземін» сызбасының тек бір ғана қырын қарайды, содан кейін әр топ өздерінің жұмыстарына таныстырылым жасайды.
«Көремін-естимін-сеземін» сызбасы
Көремін Естимін
Сеземін
Сен білесің бе? Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі.
Анықтайық. (Ө). «Негізгі салмақ идеяға» кестесі
Нақыл сөздің мағынасына мысалдар келтіру арқылы түсіндіру тапсырылады. Ол үшін арнайы кесте береіледі. Оқушылар нақыл сөзді оқып, топта талқылайды. Сұрақтары мен түсінгендерін айтып, ортаға салады.
Нақыл сөзді оқы.
«Жақсыға қылған жақсылық
Өміріңде тозбайды
Жаманға қылған жақсылық
Бір күнгідей болмайды»
Кестені толтыр.
№ Зерттеу
аясы Мысалы
1 Позиция Нақыл сөздің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндір.
2 Себептер Оқушылар неге осылай ойлайтындарының себебін көрсетеді.
3 Мысал Оқушылар мысал келтіреді.
4 Талқылау Оқушылар өз аргументтерін жалпылайды. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 715



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?