Біздің отбасымыз ойыны

 Біздің отбасымыз ойыны

Тобы: «Тұлпар» ортаңғы
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы.

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз ойыны
Сабақтыі мақсаты: Балаларды отбасы мүшелері түсінігімен таныстыру.
Балаларға білім беріп,олардың өй-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу,суретке қарап әңгіме құрау.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік.
Қажетті көрнекі құралдар мен қажетті құрал-жабдықтар: отбасы туралы суреттер.
Сөздік жұмыс: ата,әже,әке,ана.
Билингвалді компонеттері: ата-дедушка,әже-бабушка,әке-отец,ана-мать.
Іс әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс- әрекеті; Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі: -Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?
-Қазақстан елінде қандай ұлттың өкілдері тұрады?
барлығы үлкен Қазақстан елінде тұрады. Қазақстан-бұл үлкен ОтанОтбасы кіші Отан болады.Отбасында ата-әже,әке-ана,әпке,аға,іні,қарында болады.Осының барлығы отбасын құрайды. Қазақстан елінде.
орыс,өзбек,ұйғырт.б.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі
Ғажайып сәт: Балалар бізге көрші ауылдан ата мен әже келіпті! Кәнекей, қарсы алайықшы!(Ата мен әже еңкейіп келе жатады.) Ата мен әжеге амандасу.
- Ер балалар! Ассалаумағалекум, ата! Сәлеметсіз бе, әже? – деп қарсы алады.
Ата мен әже: Ал, балалар! Қандай өнерлерің бар? Біз соны көрейін деп келдік.
Балалар: ата, әже біз сіздерге әдемі отбасы туралы тақпақ айтып береміз.
Ата мен әже балаларға мақал - мәтелдерді айтып түсіндіріп береді.
Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Рахмет әже біз үлкендердің айтқанын тыңдаймыз ақылды бала болып өсеміз.
Сергіту сәті:
Бас бармағым атам - үйдің данасы,
Балан үйрек әжем – ошақ анасы,
Ортан терек әкем – отау панасы,
Шылдыр шүмек шешем – шаңырақ ажары,
Кішкентай бөбек мен - бәрінің базары.
Фонетикалық жаттығулар. Хор мен қайталау:
А – а - а - ата.
Ә - ә - ә - әже
Ә - ә - ә - әке
А – а – а – ана
Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?»
Үйдің ішіне (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.) Жеке балалармен жұмыс: Отбасы суреттері бойынша әңгіме құрайды.
- Мынау менің атам,
Мынау менің әжем,
Мынау менің әкем,
Мынау менің анам,
Мынау мен өзім Аяжан!
Рефлексивті коррекциалаушы бөлім -Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
Біз қандай отбасымыз?
Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар.
Ата мен әже балалар бізге көмек керек, ұмытып кетіппіз екеуміздің құралдарымыз қосылып кетіпті осы заттарды ажыратып беріңдерші.
Кане, балалар! Ата мен әжеге көмек берейік. Ата мен әже құралдарын бөліп беру.
Ата мен әже көп – көп рахмет, балалар сендер тәрбиелі, ақылды, үлкенді сыйлай білетін азамат болыңдар! Отбасындағы үлкендердің айтқанын тыңдаңдар. Бала бақша сендердің екінші үйлерің балалар! Ата мен әже мадақтап балаларға сыйлықтарын таратады. - Отбасы мүшелерімен.
- Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.
Біз бақытты отбасымыз
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: : Отбасы мүшелерін ажыратуды және олармен дұрыс қарым қатынас жасауды білді
Қандай түсініктерді игереді: Үлкенді сыйлауды, құрметтеуді, дұрыс сәлемдесуді білуі керек.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Отбасына деген жылы сөздер айтуды, мейірімді, адал болуды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?